-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тарихи таңдау жасалды

    07.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Референдум
    Тарихи таңдау жасалды
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

          Республикалық рефе­рендумда Қонаев қала­сындағы барлық дауыс беру учаскелері Қазақстан уақыты бойынша таңғы сағат 7:00-де есігін айқара ашты. Таңғы уақытта қалалық орта мектеп-гимназия ғимаратындағы №946 және №947 референ­дум учаске­лерінің жұмыс баста­ғанының куәсі болдық.

    Мемлекеттік Гимн орындалған соң, №946 учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Гүлмира Амангелді құттықтау сөз сөйлеп, халқы­мыздың дәстүріне сай шашу шашты. Мұнда 70 жастағы Күміс Донбасова бірінші болып  дауыс берді. Ал №947 учаскеге алғашқы болып келіп, таңдауын жасаған – Майдан Темірғалиев. Учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Гүлзат Ержанованың айтуынша, тіркелген 1654 адамның 3-еуі таңдауын үйден жасады. Оның ішінде, 8 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Олардың дауыс беруіне барлық мүмкіндік қаралған. Учаскеге жалпы саны 1670 бюллетень әкелінген.
    Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қалалық Мәдениет үйінде орналасқан №949 референдум учаскесіне барып, дауыс берді.
    – Өтіп жатқан Республикалық рефе­рен­думға тұрғындардың белсенді қатысып жатқанына куә болып тұрмыз. Біздің облыс – халық көп шоғырланған өңірдің бірі. Миллионға жуық тұрғын­ның дауыс беруге мүмкіндігі бар. Рефе­рендумның маңыздылығын айтсақ, бүгін – мемлекетіміздің жарқын болашағын айқындайтын ерекше күн. Еліміздің кемел келешегіне бейжай қарамай, ерекше көзқарас танытқан әр адам өз азаматтық борышын орындап, таңдау жасайды. Өйткені әрбір азаматтың дауысы маңызды,– деді Марат Елеусізұлы.
    Облыс басшысы дауыс беретін №949 учаскеде 2070 сайлаушы тіркелген. 7 адам үйден дауыс берді. Бұл учаскенің шекарасына 1, 2, 3, 4-ықшамауданның бірқатар үйі, Жамбыл даңғылы мен Достық көшесі кіреді.
    Қалалық №3 мектептегі №935 рефе­рендум учаскесіне келушілер оның алдына қойылған ретрокөліктің жанында естелік суретке түсіп, білім ордасында оқитын шәкірттердің қолынан шыққан бұйым­дар қойылған қолөнер көрмесін қызыға тамашалады.
    №937 учаскеде дауыс берген Қонаев қаласының Құрметті азаматы, ардагер-ұстаз Сейілбек Маханов референдумның маңыздылығын атап өтті. Ол ел болашағы үшін саяси шараларға қатысу әрбір азаматтың парызы екенін, Мемлекет басшысының осындай кемел келешекке жасалар маңызды қадамды халықтың талқысына салғанын қолдайтынын жеткізді. Референдумға барып, таңдау жасауды зор жауапты міндет деп білетінін айтқан ардагер-ұстаз өзінің де, отбасы мүшелерінің де болашақ ұрпақ қамы үшін дауыс бергендерін тілге тиек етті.
    «Алматы – Өскемен» күрежолының бойындағы «Тұлпар» ретро-салонының негізін қалаған танымал кәсіпкер, белгілі меценат, Қонаев қаласының Құрметті азаматы Мұратбек Сіргебаев ретрокөліктердің шеруін ұйымдастырды. Ақсақалдар, ұлттық киім киген әжелер мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері мінген көліктер қала көшелерін жүріп өтіп, бірнеше дауыс беру учаскелеріне атбасын бұрды.
    – «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес, №949 учаскеде байқаушы болып отырмын. Бұл учаске сағат 7:00-де Қонаев қаласының Құрметті азаматы, ақсақалдар алқасының мүшесі Тұрысбек Доспанбетовтің ақ батасымен ашылды. Әр істі батамен бастайтын ата дәстүріміздің осындай саяси шарада дәріптелгені көңіліме қуаныш ұялатты. Әділетті Қазақстанның басты ұстанымы билік пен қоғамның серіктестігі екенін ескерсек, осындай науқандарға азаматтық қоғамның қатысып, белсенді бақылауы оның әділ өтуінің маңызды шарты болатыны сөзсіз. Сондықтан еліміздің демократиялық даму жолындағы маңызды қадамына бейжай қарай алмай, «Ел дауысы» қоғамдық қоры атынан бақылаушы болуды ұйғардым, – деп ойын түйіндеді 75 жастағы Жақан Ақаев ақсақал.

    Бейбіт МЕКЕЕВ

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Премьер-министр Қонаев және Алатау қалаларын дамыту жоспарымен танысты

    Премьер-министр Қонаев және Алатау қалаларын дамыту жоспарымен танысты

    1 year ago
    «Еңбек нарығындағы
жұмысшы мамандықтар жылы» аясында форум өтті.

    «Еңбек нарығындағы
жұмысшы мамандықтар жылы» аясында форум өтті.

    4 months ago
    ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ «БОРАЛДАЙ НАН» ЖШС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

    ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ «БОРАЛДАЙ НАН» ЖШС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

    8 months ago
    Кітап – рухани қазына

    Кітап – рухани қазына

    4 months ago
    Белсенділік – ұзақ өмір кепілі

    Белсенділік – ұзақ өмір кепілі

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>