-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Татулықты ту еткен

    17.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет
    Татулықты ту еткен
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

            Кез келген елдің ерекшелігі мәдениеті мен өнерінен, салт-дәстүрінен көрініс табатындығы айқын. Мәдениет – адамзаттың рухани айнасы. Осы орайда дамыған елдердің қатарынан көрінеміз десек, мәдениетіміздің де деңгейі жоғарылауы керек. Бұл бағытта жан-жақты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соның бір дәлелі ретінде барлық ауданда өтіп жатқан Мәдениет күндерін айтуға болады. Қойнауы құтқа, қамбасы дәнге, аспаны әнге толы қасиетті Қарадалада аталған байқау өз жалғасын тапты.

    Осынау рухани бәйгеде Ұйғыр ауданының мәдениет қызметкерлері бар өнерін ортаға салып, өңіріміздің өзіндік ерекшеліктері мен ұмыт болған салт-дәстүрлерді жаңғыртып, татулық пен достықты ту еткен халқымыздың ауызбірлігін айғақтап, барша аудан жұртшылығы аталмыш шараға атсалысты.
    Шараның басы аудандық Мәдениет үйі орналасқан әл-Фараби көшесіндегі қаз-қатар тігілген ақшаңқан қазақ үйлерді аралаудан басталды. Әр үйде ұмыт болған ұлттық салт-дәстүрлер мен ұлттық тағамдар және төл өнер жаңғырып жатты. Одан бөлек қылқалам шеберлерінің көрмесі мен ұсталардың қолөнер бұйымдары қазылар алқасының назарына ұсынылды. Мәдениет үйіне кіреберісте әртүрлі этностардың ұлттық киімдерін киген қыз-жігіттер мен ақ жаулықты әжелер қонақтарды ілтипатпен қарсы алды. Ашылу рәсімінде Ұйғыр ауданының әкімі Бота Елеусізова мәдениетіміз бен руханиятымыздың одан әрі дами түсуіне айтарлықтай септігін тигізетін тамаша байқаудың біздің ауданда өтіп жатқандығына ризашылығын білдіріп, мәдениет саласындағы бірқатар жетістіктерді жіпке тізіп айтты.
    Қара қылды қақ жарып, әділ баға беру үшін ҚР Мәдениет қайраткері, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Төлеужан Ғұмаров, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Алтынай» мемлекеттік халық биі ансамблінің бас балетмейстері Ғазиза Әбдиева, ҚР Мәдениет саласының үздігі, әнші Гүлшат Тәкежанова, Қазақстан Жазушылар одағы Алматы облыстық филиалының төрағасы Ержан Тоқтар, облыстық Сүйінбай атындағы филармониясының әртісі Базаркүл Шәріповалар байқауда қазылық етті.
    Шараның басы ауданымыздағы адуынды өнер ұжымы «Қарадала» халықтық театрының сахналық қойылымынан басталды. Осы өңірдің тумасы, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Бақыт Беделханның «Ұлым, саған айтам» пьесасы сахналанып, қалың көрерменнің қошеметіне бөленді.
    Аудандық «Жазерке», «Арзу» халықтық ансамбльдерінің ән, би өнері көпшіліктің жүрегінен орын тапты. Ауданымыздың өнер мен мәдениет саласындағы деңгейін қазылар алқасы жоғары бағалады.
    Әбіш Кекілбайұлының: «Мәдениет тарихы – түптеп келгенде адамзат тарихы», – деп дөп тауып айтқан сөзі бар. Халықтың бар бітім-болмысын оның төл өнерінен көруге болады. Аталған байқаудан осыны анық аңғардық. Өнеріміз өрлеп, мәдениетіміздің мәртебесі асқақтай берсін! Тәуелсіз еліміздің ертеңі еңселі, болашағы баянды болсын!

    Ақжол НҰРДӘУЛЕТҰЛЫ,
    Ұйғыр аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы

    Ұсынымдар

    Жұмыссыз азаматтарға мүмкіндік

    4 months ago
    Алматы облысында республикалық бәйге өтті

    Алматы облысында республикалық бәйге өтті

    2 years ago
    Ардагерлерге тағзым етті

    Ардагерлерге тағзым етті

    1 year ago
    Дәрігерлер денесінің көп жері күйген баланың жанын сақтап қалды

    Дәрігерлер денесінің көп жері күйген баланың жанын сақтап қалды

    1 year ago
    Лайықты бағасын алса…

    Лайықты бағасын алса…

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.