⛅
22°C
Қонаев
Жексенбі, Қыркүйек 14, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тергеу барысы қатаң бақылауда

    16.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң
    Тергеу барысы қатаң бақылауда
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

          Осы жылдың 4 қазанға қараған түні Талғар қаласында бірнеше адамның жанжалдасып, соңы төбелеске ұласып, салдарынан 16 жастағы жасөспірімнің қаза болғаны жайлы ақпарат тараған болатын. Қонаев қаласындағы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов, Ішкі істер министрлігі тергеу департаменті бастығының орынбасары Самат Айсов пен облыс прокуроры Берік Адамов осы оқиғаға байланысты қозғалған қылмыстық істің жай-жапсарын баяндады.

    – Қазіргі уақытта Талғар ауданында бол­ған оқиға Ішкі істер министрлігі мен бас прокурордың ерекше бақылауында. БАҚ пен әлеуметтік желілерде расталмаған ақпараттар таралып, субъективті қорытындылар жасалуда. Бұл жеке тергеу тобының жұмысына кедергі келтіруде. Бұған дейін Қазақстан Респуб­ликасының Қылмыстық-процессуалдық кодек­сiнің талаптарына сәйкес көпшілікке жария ете алмадық. Дегенмен, ақпарат кеңіс­тігінде жалған мәліметтердің кең етек алуына байланысты прокуратурамен келісімге келе отырып, кейбір мәліметтерді ашық түрде талқылауды ұйғардық. Бұл шешімді саналы түрде қабылдап отырмыз. Өйткені оқиға алып-қашпа әңгімелерге негізделіп, теріс бағытқа бұрылып барады. Бүгінгі баспасөз мәслихатының мақсаты – оқиғаның барлық мән-жайын ашып көрсету. Тергеу әрекеттері тек қана заңға сәйкес жүргізіледі, – деді министрдің бірінші орынбасары.
    Келесі кезекте Самат Айсов журналис­терге қылмыс болған мезеттегі оқиғаның бейнежазбасынан үзінді көрсетті. Оның айтуынша, дүкенде 3 бейнекамера болған. Дүкеннен алынған жазбаға сараптама жасалған. Одан кейін сөз кезегі Берік Адамовқа берілді.
    – Кәмелетке толмаған жасөспірімнің өлімі бойынша қылмыстық істі тергеу қарқынды жүріп жатыр. Біздің тарапымыздан тергеу іс-шараларының заңдылығы мен толықтығын объективті қадағалау қамтамасыз етілуде. Тергеу сатысында ешқандай заңбұзушылық анықталмады. Сот процесінің ашықтығы жайлы мәселе бойынша прокуратураға өтініш хат жолданбақ. Сондай-ақ марқұмның отбасы тұрған үйдің өртенуі себебін белсенді түрде зерттеп жатырмыз. Өрт болған жерде маңызды дәлелдер жиналып, 600-ден астам адам сұралды. Оқиғаның қалай болғанын анықтау үшін бірнеше сараптама тағайындалды. Өрттің үйдің сыртынан басталғаны, оқыс жағдай болмағаны туралы мамандар алғашқы қорытынды шығарды. Оқиға орнынан табылған канистра мен резеңке қолғаптарға зерттеулер жүргізіліп, шығын көлемі анықталуда. Істі ашық әрі шынайы түрде жүргізуді жалғастырамыз. Алдағы уақытта жаңа деректермен сіздерді хабардар етіп отырамыз. Әділдік орнату және кінәлілерді табу үшін жұмыс істеудеміз. Жәбірленушінің туыстары мен жақындары тәулік бойы күзетке алынған. Асығыс шешім шығармауды, сарап­шылардың қорытындысын күтуді және тергеу тобына барлық қажетті іс-шараларды жүргізуге мүмкіндік беруді сұраймыз. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратылып жатқанына назар аударғым келеді. Кейбіреулердің митинг өткізуге, өзіндік сот әрекеттеріне шақыруы жағдайды ушықтыруда. Бұл біздің жұмысымызға кедергісін келтіреді. Баршаны тек қана ресми ақпарат көздеріне сенуге және сабыр сақтауға шақырамын, – деген облыс прокуроры қылмыстық істі тергеу барысы бақылауда тұрғанын жеткізді.
    Журналистер тарапынан қойылған күдік­тілердің арасында пробациялық бақылауға алынғандардың болғаны, тыйым салынған уақытта спирттік ішімдіктің сатылуы және тағы басқа сауалдарға министрлік өкілдері жауап беріп, бұл орайда қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын, оның анық-қанығы дәлелденгенде мәлімдейтіндіктерін айтты. Сондай-ақ қылмыс­тық іске қатысты қойылған сұрақтарға тергеу құпиясын алға тартып, әзірше жауап бере алмайтындарын жеткізді. Алайда күдіктілердің қатарында бұрын жазасын өтегендердің болғанын жасырмады. Сонымен бірге Талғар ауданында ұйымдасқан қылмыстық топтың болғанын жоққа шығарды. Күдіктілердің ешқандай қылмыстық топқа қатысы жоғын және оқиғаға қатысты бейнежазбаның халық арасына таралуы бойынша да тергеу жүріп жатқанын тілге тиек етті.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Суару кезеңі басталғалы Жамбыл облысының диқандарына былтырғыға қарағанда екі есе көп су берілді

    Суару кезеңі басталғалы Жамбыл облысының диқандарына былтырғыға қарағанда екі есе көп су берілді

    4 months ago
    Туберкулезбен сырқаттану деңгейі бірқалыпты

    Туберкулезбен сырқаттану деңгейі бірқалыпты

    2 years ago
    Амбулатория ашылды

    Амбулатория ашылды

    2 weeks ago
    Алматы облысында 70 ауыл интернетпен қамтылады

    Алматы облысында 70 ауыл интернетпен қамтылады

    2 years ago
    Саябақта суреткермен сырласады

    Саябақта суреткермен сырласады

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>