-13 °c
Qonaev
Thursday, August 14, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Үздіктер санатында

    07.10.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Үздіктер санатында
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

     «Қазпошта» АҚ облыстық филиалы – аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың әл-ауқатының жақ­саруына сүбелі үлесін қосып келе жатқан, шаһар мен ауылдық елдімекендерде пошта және қаржы қызметін көрсетуде сенімді оператор ретінде үлкен міндет арқалаған ұжым. «Қазпошта» АҚ Алматы облыстық филиалы шілде айынан бастап Жетісу жерінен біржола Қонаев қаласына ауысты. Қазір облыстық филиал заманауи пошта қызметін жетілдіруге басымдық беруде. Бүгінде ғаламтордағы онлайн тәртіптің етек жайғанына қарамастан, поштаға деген сұраныс азайған жоқ.

    «Қазпошта» – әлеуметтік құрылым. Аталған мекеме күн сайын халықпен етене жұмыс істейтіндіктен тұтыну­шыларға сапалы қызмет пен жайлы орта қалыптастыруы керек.
    – Бүгінде біз облыс халқына кең спектрлі қаржы қызметін көрсетеміз. Айта кетсек, коммуналдық төлемдердің барлық түрін, шоттар бойынша қызмет көрсету, ақша аударымдары, валюта айырбастау, екінші деңгейдегі банк­тер қызметін қабылдау, электрон­дық әмияндар қызметі және де жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдар төлеу онлайн түрде қарастырылған. Коммуналдық төлем­дерде тұрғындардың әлеуметтік жағына қарай жеңілдіктер жолға қойылған. Қазір «Қазпоштада» электронды коммерцияға тікелей бағытталған бірқатар жоба жүзеге асырылуда. Солардың бірі – жөнелтімдерді жеткізудің қолжетімді болуы үшін облысымыздың барлық ауданында постаматтар мен супермаркеттер іске қосылған. Қазір күн сайын жүзге жуық сәлемдеме қабылдаймыз және жөнелтеміз, – дейді «Қазпошта» АҚ Алматы облыстық филиалының директоры Алмагүл Жармұхамбетова.
    Қазіргі таңда «Қазпошта» АҚ Алматы облыстық филиалында мыңнан астам адам қызмет етеді. Филиал директоры Алмагүл Жармұхамбетованың айтуынша, аудан­дарда қызметкерлер жеткілікті болғанымен, орталық кеңседе білікті мамандар аз. Мұнымен қоса, филиал орналасқан ғимарат тым ескі. Ол жағдай мамандар санын молайтуға, қызмет жүктемесін жеңілдетуге қолбайлау болып отырған сыңайлы. Алмагүл Қазыбекқызының айтуынша, осындай қиындықтарға қарамастан, «Қазпошта» АҚ Алматы облыстық филиалы еліміздегі үздік қызмет көрсеткен ұжымдардың санатында еңбек етіп келеді. Күні бүгінге дейін өңіріміздегі бірқатар нысан күрделі жөндеуден өткен. Олар осы заманғы қондырғылармен жабдықталған. Енді облыстық филиалға жаңғырту жұмысын жүргізу қажет. Әңгіме арасында Алмагүл Қазыбекқызы Қонаев қаласынан тағы бір пошта бөлімшесін ашу қажет екенін айтты.
    «Қазпошта» қызметінің маңызды тармағының бірі – баспасөз. Жаңа шаңырақ көтерген филиал ұжымы биылғы баспасөз науқанында белсене атсалыспақ.
    – Бүгінде барлық байланыс бөлім­шесі тиісті болжамды тапсырма алып, тұрғындарды сенімді ақпарат көзі, аймақ айнасына айналған басылымдарға жазылудың маңызын түсіндіріп жүр. Баспасөзге жазылу науқанында белсенділік танытқан, оқырманды көптеп тартқан қоғам­дық таратушылардың қызметі көлемді сыйақымен ескерілетін болады. Облыстық жергілікті басылым­дарға, соның ішінде өңірдің бас басылымдарына қала мен ауыл тұрғын­дарының неғұрлым көптеп жазылуына ықпал етсек дейміз, – дейді «Қазпошта» АҚ Алматы облыстық филиалының басшысы Алмагүл Жармұхамбетова.
    Қандайда бір жетістікке ұжым мүшелері маңдай тері мен тынымсыз еңбегінің, кәсіптік шеберлігінің арқасында қол жеткізері анық. Сөз соңында Алмагүл Қазыбекқызы осы салада еңбек етіп жүрген барша ұжым мен пошта ардагерлерін, әріптестерін Дүниежүзілік пошта күні мерекесімен шын жүректен құттықтап, олардың еңбектеріне зор табыс тіледі. Біз де алыс жерлерден жылдам хабар алғызған пошташылардың еңбегі ескеріліп, қызмет аясы кеңейе берсін дейміз.

    Ерзат АСЫЛ

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Бәсеке бар жерде сапа бар

    Бәсеке бар жерде сапа бар

    6 months ago
    Қонаев балуаны «Алатау арланы» атанды

    Қонаев балуаны «Алатау арланы» атанды

    2 years ago
    Өңірдің өз телеарнасы бар

    Өңірдің өз телеарнасы бар

    5 months ago
    ГУМАНИЗМ БИІГІ

    ГУМАНИЗМ БИІГІ

    5 days ago
    Ғасыр белесінде

    Ғасыр белесінде

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>