-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ұлттық құндылық – ұлт бейнесі

    24.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет
    Ұлттық құндылық – ұлт бейнесі
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Атадан балаға мирас болған салт-дәстүріміз, ырым-тыйымдарымыз, наным-сенімдеріміз, мәдениет пен әдебиет, өнер, тіл, дін, діл, тамыры тереңге созылған көне тарихымыз – сан ғасырлар өтсе де қадір-қасиетін жоғалтпайтын ұлттық құндылықтар. Осынау рухани байлықты жас ұрпаққа кеңінен насихаттап, жаңғырту мақсатында жыл сайын облыста «Ауылым – алтын бесігім» атты Мәдениет күндері ұйымдастырылады. Игі шара Балқаш ауданында да салтанатпен аталып өтті.

    Облыс орталығынан өнер байқауына төрелік етуге келген халық шығармашылығы орталығының директоры Әнуар Үмбетәлиев, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Төлеужан Ғұмаров, «Алтынай» мемлекеттік халық биі ансамблінің бас балетмейстері Ғазиза Әбдібаева, ҚР Мәдениет саласының үздігі Базаркүл Шәріпова және Қазақстан Жазушылар одағы Алматы облыстық филиалының жетекшісі Ержан Тоқтар думанға толы іс-шараның куәсі болды.

    Ең алдымен Бақанас ауылына кіреберісте орналасқан Д. Қонаев атындағы саябаққа атбасын бұрды. Заңғар тұлғаның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Балқаш ауданының әкімі Азат Құтпанбетов Мәдениет үйінің алдында қонақтарды қарсы алып, «Еңбек – айшықтары өрнек» атты аудандық тарихи-өлкетану музейі, аудандық кітапхананың көшпелі сөресі, көлөнер шеберлерінің туындылары және аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі дайындаған көрмені бірге аралады. Ашық аспан астындағы сахнада «Мәдениеті елімнің – бабамнан қалған аманат» атты қойылымды тамашалады. Құралайды көзге атқан мергендердің, бозкілемде белдескен балуандардың өнеріне тәнті болды. Қаз-қатар тігілген киіз үйлерде аграрлы ауданымыздың берекесін паш еткен аста-төк ақ дастарқаннан дәм ауыз тиді.

    Аспаннан  нұр себелеп, көк аспанды бұлт торлап тұрса да, сәні мен салтанаты жарасқан той-думанда ауыл шаруашылық өнімдері ұсынылған жәрмеңке саудасы қызды. Аудан өнерпаздары арнайы дайындаған концерттік бағдарламаны көрерменге ұсынды.

    Балқаш ауданының түлектері – тележурналист, республикаға танымал актер Жарас Уәлиев пен ҚР Журналистер одағының мүшесі, “Tolqynsoz“ ораторлық мектебінің негізін қалаушы Толқын Сайдуова мерекелік концертті жүргізді. Игі шарада сөз алған аудан басшысы Азат Үкітайұлы өңірден шыққан ақын-жазушылардың есімдерін мақтанышпен атап, өнер жолында жүрген азаматтардың жетістіктерін кеңінен әңгімеледі.

    Келесі болып сөз алған облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Әнуар Мұхтарханұлы облыс көлемінде белгіленген кестеге сәйкес өтіп жатқан «Ауылым – алтын бесігім» байқауының негізгі мақсатына тоқталып, ұлттық құндылықтарын құрметтеген  елдің болашағы жарқын болатынын тілге тиек етті.

    Концерттік бағдарлама «Балқаштағы той» әнімен басталды. Аудан өнерпазы Исатай Сағыныш «Адай» күйін орындаса, «Балқаш әуендері» ұлттық аспаптар оркестрі «Балбырауынды»  күмбірлетті. «Ақжүніс» әжелер ансамблі «Туған жер», Жадыраевтар отбасы «Ақ тілек» әндерін тамылжыта шырқады. Ал «Шырын» және «Ару» ансамбльдері мың бұрала биледі.

    Осылайша бақ дарып, қыдыр қонған өңірімізде  «Ауылым – алтын бесігім» атты облыстық байқау өз дәрежесінде өтіп, мәресіне жетті.

    Бақтығали ДӘУІТБАЕВ,

     Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    Архившілер күні аталып өтті

    Архившілер күні аталып өтті

    1 year ago
    Сайлауға  бару – сауаттылық белгісі

    Сайлауға бару – сауаттылық белгісі

    1 year ago
    Бақыт деген – балалардың күлкісі

    Бақыт деген – балалардың күлкісі

    1 year ago
    Тұрғындар тілегі ескеріледі

    Тұрғындар тілегі ескеріледі

    10 months ago
    АУЫЛ  АКАДЕМИГІ

    АУЫЛ АКАДЕМИГІ

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.