-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ынтымаққа бастайды

    23.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Мереке
    Ынтымаққа бастайды
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    1995 жылы 25 қазан – Республика күні деп жарияланып, 2001 жылы мемлекеттік мереке санатына өтіп, 2009 жылы «Мерекелер туралы» Заңға енген өзгерістерге байланысты елімізде бұл мейрам мүлде аталып өтілмейтін болды. Жаңа Қазақстан құруға қадам басқан ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы Ұлттық құрылтайда Республика күніне мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды. Мемлекет басшысының бұл ұсынысы халық тарапынан зор қолдауға ие болды. Көп ұзамай Парламент «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға түзетулер енгізді.  Сол Заңға сәйкес 25 қазан – Республика күні болып бекітілді.

    Республика күні  – бірлік, рухани келісім және бейбітшілік мерекесі. Татулықты ту еткен еліміздің әрбір азаматы үшін ортақ мейрам. Бірлік пен ынтымақ – Қазақстан халқы үшін басты құндылық және мемлекеттік саясаттың бұлжымас бағдары. Қазақстандық патриотизмнің, өз Отанына шынайы берілгендіктің жарқын көрінісіне айналып үлгерген мереке елімізді мекен ететін өзге этнос өкілдерінің достығы мен татулығының, ынтымағы мен келісімінің белгісі. «Бірлік болмай, тірлік болмас» қағидасын ұстанған қазақ халқының арқасында Қазақстан солақай саясаттың құрбанына айналып, тағдыр тауқыметімен  келген барлық этнос өкілдеріне алтын бесік бола алды.

    Тәуелсіздік жылдарында елімізде қоғамның бірлігін нығайтуға, қоғамдық келісімнің үлгісін қалыптастыратын және этносаралық өзара іс-қимылдың тиімді инс­ти­тутына айналған Қазақстан халқы Ассамблеясы қалыптасты.  Халықтың еркіндігі, тең құқығы мен бос­тан­дығы бәрінен қымбат. Мұны жақсы түсінген қазақстандықтар бір шаңырақ астында ынтымағы жарасып ғұмыр кешуде. Өйткені еліміздің әрбір азаматы бейбітшілік пен тыныш­тықтың, достықтың қадірін бағалай біледі. Сол себепті, ел тұрғындары  бұл атаулы күнді мерекелік көңіл-күйде ерекше атап өтеді.  Айтулы күннің кең көлемде тойлануы Отанға  деген сүйіспеншілікті оятатыны сөзсіз.

    Халқымыз ынтымақ пен татулықтың арқасында  барлық қиын-қыстауды бастан өткеріп, азаттыққа қол жеткізді. Біз бабалар аманатына адал бо­лып, ел бірлігін бекемдеп, қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында аянып қалмауымыз керек. Егемендігімізді қадір тұтып, көздің қарашығындай сақтау – баршамыздың парызымыз болуы тиіс. Осы орайда отандастарымыздың ел бірлігін бекемдеу мен  ынтымақтастықты нығайту бағытында барлық күш-жігерін жұмсап,   мемлекеттің өркендеуі жолында  өз үлестерін қосатынына сенімім кәміл.

    Биыл еліміздің басты ұлттық мерекесін жаңа мәртебеде, жаңаша мазмұнда  үшінші жыл атап өтеміз.  Осы қысқа мерзімде татулықты ту еткен Қазақстанда   бұл ерекше қастерлі күн тарихи дамудың жаңа кезеңінде бүкіл халықты біріктіретін мерекеге айналып үлгерді десек, ақиқаттың ауылынан алыстай қоймаспыз.

    Он жылдан астам уақыт бойы аталып өтілмей келген Республика күнінің қайта оралуы  Жаңа Қазақстанның қарыштап дамуына септігін тигізетіні анық. Ұлттық мереке құтты болсын! Ел бірлігі мен тұтастығына бұзылмай, Қазақстан халқының айнымас достығына  сызат түспесін!

    Гамзе ГЕЙДАРОВ,

    ҚХА мүшесі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары

    Ұсынымдар

    Бақытты балалық шақ: Облыста балалар күні қалай аталып өтеді?

    1 year ago
    КӨПТЕН КҮТКЕН ҚУАНЫШ

    КӨПТЕН КҮТКЕН ҚУАНЫШ

    5 months ago
    Заречный тұрғындары ауылдық округ әкімін сайлады

    Заречный тұрғындары ауылдық округ әкімін сайлады

    2 years ago
    Ауқымды жобалар жүзеге асырылады

    Ауқымды жобалар жүзеге асырылады

    1 year ago
    Қазақстанда ірі орман өрттерінің алдын алу шаралары қабылданып жатыр – Экология министрлігі

    Қазақстанда ірі орман өрттерінің алдын алу шаралары қабылданып жатыр – Экология министрлігі

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>