-13 °c
Qonaev
Wednesday, June 4, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жарқын сәт

    29.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мереке
    Жарқын сәт
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

           Жамбыл ауданында Республика күніне арналған бірқатар іс-шара өтті. Аудандық Мәдениет үйіндегі мерекелік жиынға аудан жұртшылығы, мекеме басшылары, ардагерлер, білім, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, қоғам белсенділері мен жастар қатысты.

    Аудан әкімі Нұрлан Ертас көпшілікті ұлттық мерекемен құттықтаған сөзінде еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолында жасалған маңызды қадамдарға, кейінгі жылдардағы жетістіктерге тоқталды. Сонымен қатар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтарға наградалар мен марапаттар, Жамбыл ауданының Құрметті азаматы атағын тапсырды. Салтанатты шара аудан өнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасымен жалғасты.
    Дәл осы күні Жамбыл ауданында үш сәби дүние есігін ашты. Аудан басшысы Нұрлан Ертасұлы перзентханаға арнайы барып, сәбилердің аналарын құттықтады. Ол ана мен бала денсаулығын қорғау мемлекетіміздің басты назарында екенін жеткізді. Сонымен қатар нәрестелердің аналарына сыйлықтар табыс етілді. Жамбыл ауданында жылына 4 мыңнан астам сәби дүниеге келеді. Ауданда 170 мың адам шамасында тұрғын бар. Өңір Алматы қаласы маңындағы демографиялық көрсеткіші жоғары аудандардың қатарында.
    Республика күні қарсаңында аудан орталығынан шалғайдағы Үңгіртас ауылында ағаш отырғызу шарасы өтті. Ауыл тұрғындары ұйым­шылдықпен атсалысқан экологиялық акцияға аудан басшылығы арнайы барып қатысты.
    «Ағаш отырғызу – бұл табиғи ресурстарды қалпына келтіріп, экологиялық жағдайды жақсартуға көмектесетін маңызды үрдіс. Қоршаған ортаны қорғауда жасыл желектің атқаратын қызметі үлкен. Ағаш ауаны тазартады, сонымен қатар айналаға әдемілік сыйлайды. Менің ойымша, бүгінгі шараға қатысқан әрбір адам қоршаған орта мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелеріне көңіл бөлмейінше, алдыңғы қатарлы қоғам болу мүмкін еместігін түсінді», – дейді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, облыстың Құрметті азаматы Батырхан Меңдебаев.
    Айта кетсек, биылғы көктемде ел Президентінің бастамасымен қазақстан­дықтардың экологиялық мәдениетін дамытуға бағытталған «Таза Қазақстан» акциясы бастау алғаны белгілі. Бұл шара біртіндеп тұрақты жобаға айналды және халық арасында кеңінен қолдау тапты.
    Мереке қарсаңында аудан орталығы Ұзынағаш ауылында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Онда үздік шаруашылықтар мен фермерлер өздері өндірген табиғи таза, сапалы ет, сүт, бал, көкөністер мен жеміс-жидектерін қолжетімді бағамен тұрғындарға ұсынды.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Қазақстанда «Батырларға тағзым» атты бірегей онлайн-портал іске қосылды

    Қазақстанда «Батырларға тағзым» атты бірегей онлайн-портал іске қосылды

    1 month ago
    Қуғын-сүргін құрбандарына тағзым

    Қуғын-сүргін құрбандарына тағзым

    1 year ago
    Мал шаруашылығы – ауыл экономикасының тірегі

    Мал шаруашылығы – ауыл экономикасының тірегі

    4 weeks ago

    Құндылығы мол

    9 months ago
    Қазақ тілін үйретеді

    Қазақ тілін үйретеді

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.