-13 °c
Qonaev
Friday, May 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жауапкершілік жүктелді

    24.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мәслихат
    Жауапкершілік жүктелді
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

             Облыстық мәслихаттың тұрғын үй-коммуналдық шаруашы­лығы, құрылыс және архитектура, көліктік-логистикалық инфра­құрылымды дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссияның кезекті отырысы өтті.

    Күн тәртібінде 7 мәселе қаралып, бірқатар басқарма басшыларының баяндамалары тыңдалды. Биыл 9 айда атқарылған жұмыстар сараланып, орындалмаған жоспарлар мен кем-кетіктер тілге тиек етілді. Облыстық мәслихаттың депутаты, тұрақты комиссия төрағасы Дәулет Жарасбаев төрағалық еткен жиынға комиссия мүшелері, облыстық басқарма басшылары қатысты.
    Алғашқы мәселе Алматы облысы бойынша әлеуметтік нысандарға бюджеттен бөлінген қаржының игерілуі туралы қаржы басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Айгөзова баяндама жасады. Ол ағымдағы жылдың 9 айында облыс бюджетіне 596,7 млрд теңге табыс түскенін, оның ішінде өз табыстары бойынша түсімдер 381,8 млрд теңгені, республикалық бюджеттен трансферттер бойынша түсімдер 214,8 млрд теңгені құрайтынын жеткізді.
    Сондай-ақ қыркүйек айындағы шығыстар бойынша орындау 547,7 теңге болғанын алға тартып, өңіріміз республикада 9 айдың қорытындысына сәйкес кіріс және шығыс бөлігі бойынша 19-орынға ие болғанын айтты. Гүлнар Серікжанқызы 9 айдың қорытындысы бойынша облыстық бюджет бойынша 16,2 млрд теңге игерілмегенін жеткізді. Ол өз сөзінде:
    – Биыл 9 айдың қорытындысы бойынша облыстық бюджетті уақытылы және сапалы орындау мақсатында қаржыландырудың жиынтық жос­парына 15,7 млрд теңгеге азайту бойынша өзгеріс енгізілді, оның тек 84,1 пайызы немесе 13,2 млрд теңгесі келесі үш басқармаға тиесілі. Олар: білім басқармасы – 6,1 млрд теңге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы – 6,7 млрд теңге, құрылыс басқармасы – 1,4 млрд теңге. Алайда атқарылған жұмыстарға қарамастан, игерілмеу шамамен 4,7 млрд теңгені құрады, бұл жоспарлау мен бақылаудың төмендігін көрсетеді, – деді.
    Баяндамашы тұрақты комиссияның биылғы 14 тамыздағы Қаулысына сәйкес, 10 білім беру нысанын 1 қыркүйекке дейін күрделі жөндеуден өткізу және тапсыру жоспарланған­ын тілге тиек етіп, діттеген мақсат толық орындалмағанын жеткізді. Оның айтуынша, 1 қазандағы жағдай бойынша 8 нысанның жұмысы аяқсыз қалған. Атап айтсақ, 3 білім беру нысаны бойынша сот талқылаулары жүргізілуде екен. Сонымен қатар Нүсіпбаев атындағы мектеп-интер­наттың күрделі жөндеуін биылғы ақпан айында аяқтау белгіленгені­мен сотқа дейінгі талап-арызы тек қыркүйек айында жіберілгенін айтып, тұрақсыздық айыбының сома­сы көрсетілмегенін тілге тиек етіп, білім басқармасының қызметкерлері тарапынан немқұрайлылық болғанын жасырмады. Осы орайда халық қалаулылары жиналысқа қатысып отырған облыстық білім басқармасы өкіліне сұрақ жаудырып, нақты ақпарат алып, істің мән-жайын білді. Гүлнар Серікжанқызы облыстық құрылыс басқармасы, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқар­масы бойынша да жұмыс кестесі­нен артта қалу деректері орын алып жатқанын тізбелеп, облыстық қаржы басқармасы 9 айдың қорытындысы бойынша аппарат басшысының атына бюджеттің орындалмауына жол берген басқармалардың бірінші басшыларына қатысты шаралар қабылдау туралы қызметтік жазба жолданғанын, сондай-ақ облыс әкімінің атына 2024 жылдың жұмыстарының орындалуына теріс әсер ету тәуекелдері туралы жазба жіберілгенін баяндады.
    Күн тәртібіндегі келесі мәселелер – облыс бойынша индустриялық аймақтың атқарылып жатқан жұмыс есебі туралы, Алматы агломерация­сының даму жоспарының іске асуы бойынша есепті тыңдау, «Қонаев» және «Алатау» қалаларының даму жоспарының барысы туралы сөз алған облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Айдын Бегімбеков Алматы агломерациясының даму жоспарының іске асуы бойынша, электрмен жабдықтау желілерін дамыту бойынша баяндама жасады. Ол 110/10 кВ қосалқы стансаларының құрылысы экологиялық жағдайды жақсартуда ғана емес, өңірдің әлеуметтік-экономикалық өсуі үшін маңызды екенін тілге тиек етті. Халық пен кәсіпорындар үшін де электр энергиясының сенімді және үздіксіз берілуін қамтамасыз етуде қосалқы стансалардың рөлі зор екенін алға тартты. Алайда, республикалық және жергілікті бюджеттен қаражаттың жетіспеушілігі осы жобаларды іске асыруға кедергі болып тұрғанын айтып, бұл жобалардың орындалмауы аймақтағы әлеуметтік тұрақтылыққа әсер етуі мүмкін екенін жеткізді.
    – Электр энергиясының жетіс­пеушілігі халықтың өмір сүру сапасы мен қызмет көрсету деңгейіне кері әсер етеді. Жеке инвестицияларды тарту немесе мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) тетіктерін әзірлеу арқылы шешім табуға болады. Бұл бюджетке түсетін қаржылық жүктемені азайтуға және жобаларды іске асыруды жеделдетуге мүмкіндік береді, – деп қытайлық «TBEA» компаниясы өкілдерінің 10 қосалқы станса салу және МЖӘ моделі бойынша жоғары вольтты желілерді тарту туралы ұсынысы өңірдің энергетикалық инфрақұрылымын дамыту үшін маңызды қадам болып табылатынын айтты. Сонымен қатар басқарма басшысы жылумен, сумен, газбен жабдықтау жайы туралы да сөз қозғады.
    Күн тәртібіндегі тағы бір мәселе – «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елдімекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту бойынша облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Шатанов баяндама жасады. Ол елді­мекендердегі инфрақұрылымды жаң­ғырту, әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және жайлы өмір сүру ортасын құру мақса­тында жұмыс атқаратын жобаның жай-жапсарына тоқталды.
    – Облыста даму әлеуеті жоғары 271 ауылдық елдімекен іріктеліп алынды. Оның ішінде 90 елдімекен тірек, 169-ы – спутниктік және 12-сі стратегиялық болып табылады. Қалған 109 елдімекеннің даму әлеуеті орташа немесе төмен. Бұл елдімекендер бойынша «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Ұлттық экономика министрлігі бюджеттік өтінімдерді қарастырмайды, – деп 2019-2023 жылдары «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасын іске асыру шеңберінде облыс бойынша 100 ауылды қамтитын жалпы сомасы 42,2 млрд теңгеге 147 жоба іске асырылғанын жеткізді. Бағдарлама нәтижесінде жаңа нысандар салынып, жаңғыртылғанына, жаңа жұмыс орындары құрылғанына тоқталды.
    Күн тәртібіндегі келесі мәселелер – коммуналдық шаруашылықты дамыту, денсаулық сақтау нысандарын салу және реконструкциялау бойынша облыстық құрылыс басқармасы өкілі­нің баяндамасы тыңдалды. Жиынды қорытындылаған Дәулет Жамалбекұлы қызмет барысындағы кемшіліктер түзетілуі керектігін алға тартып, алға қойған мақсаттар жіті бақылауда болуы қажеттігін қадап айтты. Басқарма бас­шылары мен қаржы, экономика саласының мамандары бірлесіп, шабан тартқан шаруалардың оң шешімін табуға жұмылу керектігін жеткізді. Сонымен қатар депутаттар тарапынан аяқталмаған құрылыс нысандары мен жауапсыз қалған мекемелерге тексеру шаралары жүргізілу қажеттігін алға тартты.

    Ұсынымдар

    Жаңа спорт кешені ашылды

    Жаңа спорт кешені ашылды

    5 months ago
    Мейірім әлемі

    Мейірім әлемі

    1 year ago
    Ала доп бәсекесі

    Ала доп бәсекесі

    4 months ago
    ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША ЕҢ АУҚЫМДЫ СПОРТТЫҚ ЖОБА ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА БАСТАУ АЛДЫ

    ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША ЕҢ АУҚЫМДЫ СПОРТТЫҚ ЖОБА ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА БАСТАУ АЛДЫ

    4 weeks ago
    Халық игілігі үшін

    Халық игілігі үшін

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>