⛅
15°C
Қонаев
Жексенбі, Қыркүйек 14, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жылдам хабар алғызған

    11.10.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Жылдам хабар алғызған
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Қонаев қаласында Дүниежүзілік пошта күні аталып өтті. «Қазпошта» АҚ Алматы облыстық филиалы ғимаратында сала қызметкерлері мен ардагерлер жиналып, кәсіби мерекенің куәсі болды. Салтанатты шараға Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов қатысып, ізгі тілегін арнады. Мереке аясында мерзімді баспасөзге жазылу шарасы да ұйымдастырылып, облыстық «Алатау арайы», «Огни Алатау» газеттерінің, Alataunews.kz сайты мен өңірлік коммуникация қызметінің басын қосқан «Өлке тынысы» ЖШС ұжымының атсалысуымен арнайы көрме қойылды.

    Жуырда ғана Жетісу өңірінен бөлініп, Алматы облысында жеке филиал ретінде жұмысын қайта жаңғыртқан мекемеге Алмагүл Жармұхамедова жетекшілік етеді. «Облыс бөлінгелі екі жылдан асқанмен біздің ұжым осы жылдың шілде айынан, бейнелеп айтқанда, өз алдына еншісін алып шықты. Алдымызда атқарылар шаруа көп. Жауапкершілік те үлкен. Аудан-қалалардағы, өңірдегі бөлімшелердің барлығын аралап көріп, пошта қызметінің жағдайымен танысып шықтық. Келешекте түйінделген мәселелерді кезең-кезеңімен шешуге бар күшімізді саламыз. Әкімшілік-аумақтық бөліністен кейін облыстық деңгейде алғаш рет Пошта күнін атап өтіп отырмыз. Мерекемізге келіп, құттықтап, атсалысып отырған барлық ұжым-мекемелерге алғысымыз шексіз», – деді өзінің кіріспе сөзінде «Қазпошта» АҚ Алматы облыстық филиалының директоры Алмагүл Қазыбайқызы.

    Салтанатты шараға келген Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов пошта қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, көпшілік алдында тыным көрмей, халықтың сәлем-сауқатын жеткізіп, қаржылық операцияларды сәтті жүзеге асырып отырған ұжымға шексіз ризашылығын білдірді. «Пошта қызметі – еліміздегі ең маңызды саланың бірі. Пошташылардың жұмысы қауырт, арқалаған міндеті де зор. Сондықтан, олардың еңбегі қай кезде де еленіп, лайық құрмет көрсетіліп отыру керек деп санаймын. Облыстық филиалдың ашылғаны да өңірдің дамуына оң ықпал етері анық. Жаңа басшылыққа, жаңа ұжымға зор денсаулық, табыс тілеймін. Шаңырақтарыңыздан құт кетпесін», – деді Асхат Ермекұлы.

    Мерзімді баспасөзге жазылу күніне орай Қонаев қаласының әкімдігі, «Қазпошта» АҚ облыстық филиалы, «Өлке тынысы» ЖШС ұжымы және жергілікті тұрғындар белсенділік танытты. Қонаев қаласының әкімі Алматы облысының төл басылымдары – «Алатау арайы» мен «Огни Алатауға», шаһар тынысына айналған «Нұрлы өлке» газетіне қолдау білдіріп, 2025 жылға бірінші болып жазылды. Сондай-ақ, бірнеше адамды – соғыс және еңбек ардагерлерін, көпбалалы аналар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды газетке өз атынан жаздыруға уәде берді. Пошта қызметкерлері болса, адал еңбегімен абырой биігіне көтерілген ардагерлер мен белсенді тұрғындардың газетке жазылуына ықпал етті. Ал облыстық газеттердің ұжымы келушілерге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, мерзімді басылымның маңыздылығын түсіндірді. Газет ұжымы да келер жылға басылымға жазылып, өз басылымдарына қолдау көрсетті. Бұған қоса, оқуға ынталы кейбір мұқтаж азаматтардың газетке жазылуына көмек қолын созды.

    Кәсіби мерекесін кең көлемде атап өткен «жылдам хабар алғызушы» пошта ұжымы салтанатты шараға сала ардагерлері мен өңірдегі әріптестерін де шақырды. Күніне жүз мыңдап сәлемдеме өңдейтін, құрылғаннан бері миллиардтаған шақырым жол жүрген пошташылардың еңбегі ерен. Бағалауға әбден лайық. Шарада сала ардагері, Іле ауданының тұрғыны Арыс Омарұлы сөз алып, поштада еңбек еткен жылдарынан сыр шертті. Жауапкершілігі зор жұмысты атқарып отырған пошта қызметкерлерінің жалақысын көтеріп, мемлекет тарапынан қолдау қажет екенін алға тартқан ақсақал мұндай мәселелер алдағы уақытта шешімін табуына ниеттес екенін білдіріп, ұжым жұмысына сәттілік тіледі. Пошта қызметкерлерін құттықтауға өңірдегі кәсіпорындар мен түрлі компания өкілдері де келіп, ізгі тілегін арнады. Өз кезегінде пошта басшылығы ақ тілегін арнаған облыстық «Алатау арайы» мен «Огни Алатау» газеттеріне Алғыс хат табыстап, мерекеде белсенділік танытқан журналистерге алғысын жаудырды. Ал пошта қызметкерлеріне Қонаев қалалық музыка мектебінің оқытушысы Аида Серғазина өзінің шәкірті Әли Жамалбекпен бірге күмбірлеген күй төгіп, мереке шырайын арттырды.

    Бейбіт Мекеев,

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Алматы облысында балаға зорлық көрсетті деген күдікті ұсталды

    Алматы облысында балаға зорлық көрсетті деген күдікті ұсталды

    2 years ago
    Көршілерімізді арзан дизельмен “асырап” келеміз

    Көршілерімізді арзан дизельмен “асырап” келеміз

    2 years ago
    Ұйғыр ауданында алғашқы Apricot Fest фестивалі өтті

    Ұйғыр ауданында алғашқы Apricot Fest фестивалі өтті

    3 months ago
    Мемлекет басшысы азық-түлік инфляциясының басты себебін атады

    Мемлекет басшысы азық-түлік инфляциясының басты себебін атады

    2 years ago
    Тоқаев ШОС елдері басшыларының жиынында сөйледі

    Тоқаев ШОС елдері басшыларының жиынында сөйледі

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>