Жол – экономиканың күре тамыры. Сондықтан да жол жөндеу жұмыстары әрдайым айрықша маңызға ие.
Талғар ауданының автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы –1315,5 км. құрайды, оның ішінде: республикалық маңызы бар – 97 км, облыстық маңызы бар – 179 км, аудандық және ауылішілік – 1046,5 шақырым оның ішінде: аудандық маңызы бар жол – 86 км, ауылішілік жолдар – 960,5 км. Нақтылап айтсақ, 685 шақырымы жақсы жағдайда, 65 % (асфальтобетон), 361,5 – шақырымы қанағаттанарлық жағдайда, 35% (қиыршық тас, топырақты).
Жалпы биыл 70 шақырым жол жөндеу жоспарланған. Оның 4-орташа жөндеу жұмыстары; 4- маршруттық тәсілмен ағымды жөндеу жұмыстары.
Бүгінгі күні 22шақырым жол орташа жөндеуден өтті. Маршруттық тәсілмен – 28 шақырым жол жасалды. 20 ауылдың көшелерін қамтиды.
Жыл басынан жалпы ұзындығы 50 шақырым жол жөнделіп, жолдардың жақсару көрсеткіші 67% өсті.