Алматы облысының Боралдай аэродромында ауқымды оқу-жаттығулар өткізілді, оның мақсаты мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің жеке құрамын даярлау және үйлестіру деңгейін арттыру, сонымен қатар,әуе кемелеріндегі өрттерді сөндіру кезінде құтқару бөлімшелерімен өзара іс-қимылды пысықтау болды.
Оқу-жаттығудың негізгі міндеті – ұшақ бортында және оған іргелес аумақта өртті жою кезінде өрт сөндірушілердің іс-әрекеттері мен дағдыларын пысықтау. Бұл іс-шаралар қызметкерлердің іс-қимылдарының үйлесімділігін жақсартуға, ықтимал төтенше жағдайларға ден қою дағдыларын нығайтуға, сонымен қатар, барлық ерекшеліктерді ескере отырып, өртті жедел жоюға дайындығын тексеруге мүмкіндік береді.
Жаттығулар барынша шынайы болуы үшін ұшақ бортындағы бірнеше төтенше жағдайларды қамтитын сценарий әзірленді. Шартты өрт алдыңғы қозғалтқыш бөлімінде және кабинада болды, бұл барлық қауіпсіздік хаттамаларын сақтай отырып, жедел реакцияны қажет етті.
Сонымен қатар, жаттығу сценарийі бойынша 10 шаршы метр аумаққа жанғыш сұйықтық төгілді, бұл өртті жоюды қиындатып, өрттің одан әрі таралу қаупін арттырды.
Өртті тиімді сөндіру үшін көбік генераторлары мен сумен салқындату жүйелері қолданылды. Көбік генераторын тез оқшаулау және өрттің таралуын болдырмау мақсатында қолданса, ал суды ұшақтын бетінің температурасын төмендетіп, қайта тұтану мүмкіндігін азайтту мақсатында қолданды. Қызметкерлердің үйлесімді жұмысы алға қойылған міндеттерді тиімді шешуге және шартты өртті тез жоюға мүмкіндік берді.
Өткізілген жаттығулар нақты жаттығуларға мүмкіндігінше жақын жағдайларда жүйелі жаттығулар мен модельдеудің маңыздылығын айқын көрсетті.
Бұл жаттығулар қызметкерлерді даярлаудың қауіпсіздік пен жедел әрекет етуге бағытталған жалпы жүйесінің маңызды бөлігіне айналады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі