Иә, уақытқа тоқтам бар ма?
Бүгін, айдың-күннің аманында Шерзат Болатұлы баламыздан қанішерлердің қолынан қаза тапқанына қырық күн толып отыр. Қыршынынан қиылған боздақтың ата-анасына сабыр берсін! Отбасына қайғыра көңіл айтамын. Иә, орны толмас қаза.
Әрине, бұл оқиға қазақ халқы үшін, қоғамда үлкен толқу тудырды. «Әй дейтін, әже! Қой дейтін, қожаның» болмағаны ма? Абай атамыз айтады: «Біріңді қазақ біріңді дос. Көрмесең істің бәрі бос», – деп осындайда айтылса керек. Не халге түстік? Ата-ананың зарын кім тыңдайды? Мұндай олқылықтың орнын қалай толтырамыз?
Бүгінде жас боздағымызды жер құштырған кінәлілер ұсталып, тергеу амалдары жүргілуде.
Ал, себеп-салдарына келер болсақ, қоғамдағы мұндай келеңсіздіктердің алдын алуда мемлекет жоспарлы һәм кешенді жоспарлар құруы тиіс.
«Ағаға құрмет, ініге ізет» адамгершілік қағидасын естен шығарып алдық. Ата-ана бала тәрбиесіне көп көңіл бөліп, үлкендеріміз үлкендігін, кішілер кішілігін білсе, мұндай жағдай орын алмас па еді?
Жәбірленуші тараптың мәселесін құзырлы орындар ақ-қарасын анықтап, әділ шешімін береді деген ойдамын. Бұл мәселе, тек заң тұрғысында оң шешімін тауып, кінәлілер әділ жазасын алса деймін. Заң үстемдігі ел мүддесі жолында қызмет етсе, алынбайтын қамал болмайды.
Халықты құр айқай-шу, дау-дамай, негізсіз сөздерге ермеуге шақырамын. Құр айқай-шу жетістікке апармайды.
Болат Таубалдиев,
Жылысай ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы