«Халық қатысатын бюджет» жобасы – бұл азаматтарға жергілікті бюджетті жоспарлау мен оны пайдалануға тікелей қатысуға мүмкіндік беретін бастама.
Жоба аясында қала тұрғындары өз аймақтарындағы қажеттіліктерді атап көрсетіп, арнайы ұсыныстар жасайды.
Мысалы, аталған жоба аясында балалар алаңдарын салу, көше жарықтарын орнату сияқты инфрақұрылымдық жобалар қаржыландырылуы мүмкін.
Биыл Қонаевта осы бастамамен 8 жоба жүзеге асуда. Олар:
1. «Гүлдер» балабақшасының жанындағы аллеяны абаттандыру. Жоба шеңберінде кішігірім амфитеатр салу, жарық шамдарын, шағын сәулеттік нысандарды, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орналастырып, аллеяны көгалдандыру қарастырылған.
2. Ш. Уәлиханов атындағы №2 гимназияның жанындағы аллеяны абаттандыру.
3. « Салтанат» сауда үйі жанындағы аллеяны абаттандыру.
4. Ивушка, Восточный, Арна шағынаудандарында балалар алаңын жөндеу.
5. Строительная саяжайында футбол алаңын салу.
6. Набережная көшесіндегі №5 үйдің алдындағы тұрақ пен тротуарды жайластыру.
Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.
Қонаев қаласы әкімінің баспасөз қызметі