ТЭЦ-3-ке жаңа газ құбырын қосу бойынша жұмыстар жүргізілуіне байланысты Алматы облысының бірқатар елдімекендеріне газ беру уақытша тоқтатылады. Бұл туралы «QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның Алматы өндірістік филиалы хабарлады.
Компания мәліметінше, 2024 жылдың 19 қарашасында ТЭЦ-3-ке дейін тартылып жатқан жаңа газ құбырын қосу жұмыстары жүргізіліп, соған орай, Алматы облысы Іле ауданының келесі елдімекендеріндегі 4449 абонентке көгілдір отын беру уақытша тоқтатылады:
- Коктерек ауылы
- «Энергетик» саяжай-кооперативі
- Байсерке ауылы
- «Проектировщик» саяжай-кооперативі
- «Надежда» саяжай-кооперативі.
Компания осыған байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аталмыш елдімекен тұрғындарынан жұмыстар аяқталғанға дейін газ шүмектерін жауып қоюды, «QazaqGaz Aimaq» АҚ Алматы өндірістік филиалы мамандары іске қосу шараларын толық аяқтамайынша газ шүмектерін ашпауды сұрайды.
«QazaqGaz Aimaq» АҚ аталмыш жұмыстардың мегаполистің экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында ТЭЦ-3-тің табиғи газға көшірілуіне байланысты жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстар екенін хабарлайды.
Қосымша сұрақтар болса 104 нөмірі бойынша газ қызметіне хабарласуға болады.