«ЖАСҰО» РМК Алматы облыстық филиалының мамандары қолданысқа берілетін республикалық маңызы бар автомобиль жолдарынан 2 нысан бойынша 620 сынама алған. Нәтижесінде 109-ы сәйкес емес, 26-сы түзетілді, 84-інен ақау анықталған, оның 79 жойылды. Оның ішінде:
1) М-36 Алматы-Астана, 2214-2295 шақырым (81 шақырым) жолы. Осы нысан бойынша 2019-2024 жылдар аралығында 47 шығу жүзеге асырылып, 467 сынама іріктелді және сыналды, 56 сынамасы нормаларға сәйкес емес, оның 29-ы қалпына келтірілген, 47 ақау анықталған, 2 ақау жойылмаған. Аталған нысан бойынша 122,7 млн теңгеге 35150 м2 асфальтбетон жабыны қайта қалпына келтірілді.
2) Күрті – Бурылбайтал Шамалған бекетін айналма жолы, 2446-2453 шақырымы. Аталған нысан бойынша 2020-2024 жылдар аралығында 62 шығу болған, барлығы 153 сынама алынған, оның 3-еуі сәйкес емес болып, мердігер қайта қалпына келтіргеннен кейін қайта түзетілді. 35 ақау анықталған болатын, оның барлығы жойылған.
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына 6 хат жолданды, оның ішінде республикалық жол бойынша 2 хат, облыстық жол бойынша 1 хат, көше жолдары бойынша 3 хат.
Республикалық жол бойынша жолданылған хатқа сәйкес сот үкімі шығып, «CS Consultants» ЖШС техникалық қадағалаушы мекемесіне 2 450 000 теңгеге әкімшілік айыппұл салынып, аккредиттеу туралы куәліктен айырылды.
Қалған 4 хат бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы орташа жөндеу жұмыстарын қарастырмайтыны туралы жауап қайтарды.