Алматы облысындағы «Сүлеймен Демирел» университетінің студенттерімен семинар-тренинг өтті
«2024 жылғы Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған акциялар» іс-шаралар жоспарына сәйкес 20 қарашада Алматы облыстық ЖИТС орталығының дәрігерлері Қарасай ауданының аумағында орналасқан SDU университетінің студенттері арасында АИТВ-ның алдын алу бойынша семинар-тренинг өткізді.
Қатысушылар АИТВ-инфекциясының берілу жолдары мен факторлары, алдын алу, бақылау және емдеу, вирус құрылымының ерекшеліктері, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың медициналық-құқықтық мәселелері бойынша баяндамалар тыңдады. Сонымен қатар, тыңдаушылар пікірталастарға, психологиялық ойындарға қатысып, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды құқықтық қорғауды талқылауға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, жоғары курс студенттеріне анонимді сауалнама ұйымдастырылды. АИТВ жұқтыру қаупі мәселелеріндегі сауаттылық пен хабардарлық деңгейін бағалау бойынша өзін-өзі сұрау сауалнамаларын талдау нәтижелері ЖИТС орталығының мамандарын таң қалдырды, өйткені 90% дұрыс жауаптар берілді. Студенттер белсенділігі мен қызығушылығы өте жоғары, АИТВ-инфекциясы туралы бірнеше сұрақтар қойды, оларға толық жауаптар берілді. 60-тан астам жоғары курс студенттері АИТВ-ға жедел тестілеуден өтуге ниет білдіріп, тексерілді, оң нәтиже анықталған жоқ.
Дәрігер-эпидемиолог Н.Қасымов: «Жастар АИТВ-инфекциясын жұқтыру ықтималдығы жоғары халық тобы және білім беру мекемелері жүргізетін профилактикалық іс-шаралардың негізгі нысаналы тобы болып табылады. Білім беру мекемесі профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін бірқатар бірегей мүмкіндіктерге ие. Бұл оқушының жеке басының қалыптасуы мен дамуына, кәмелетке толмаған баланың отбасына қол жетімділігіне үлкен әсер етеді, білім беру мекемесінде тиімді жүйелі профилактикалық жұмысты жүргізуді қамтамасыз ете алатын білікті мамандарға (педагогтар, психологтар және т.б.) ие», -деп атап өтті.
Айта кету керек, жыл сайын ЖОО-дағы ағарту іс-шараларына шетелдік студенттер белсенді қатысады.
Самал Кожалимова,
Алматы облыстық ЖИТС орталығының ұйымдастыру-әдістемелік бөлім меңгерушісі