Алматы облысының Ұйғыр ауданында «пенчак силаттан» облыстық чемпионат өтті. Сайысқа Алматы облысының аудандары мен Қонаев қаласынан 300-ден аса спортшы қатысты. Қатысушылар бес жас санатында бақ сынасты:
• Ересектер (17 жастан жоғары)
• Жастар (14-16 жас)
• Жасөспірім қыздар мен ұлдар (12-13 жас)
• Жасөспірім қыздар мен ұлдар (10-11 жас)
• Балалар (8-9 жас)
«Пенчак Силат» – Индонезия мен Малайзия халықтарының байырғы жауынгерлік өнері. Бұл спорт екі бағытқа бөлінеді. Бірі қарумен, ал бірі қарусыз жекпе-жекке негізделген. Ал, елімізде бұл спорт түрі 2019 жылдан бері өткізіліп жүр.
«Елімізде пенчак силатпен айналысатын спортшылардың саны артып келеді. Спорт қарқыны да жоғары. Оған халықаралық жарыстарда ел спортшыларының жеткен жетістіктері дәлел бола алады. Бұл жауынгерілк өнер көптеген елдерде өзін-өзі қорғау техникасы ретінде қолданылады. Тіпті бірқатар елдердің әскери саласында сарбаздардың оқу-жаттығуына айналған. Облыс чемпионатының негізгі мақсаты – жеңімпаздар мен жүлдегерлер Алматы облысының құрамасына алынады. Келер жылы өтетін республикалық және халықаралық жарыстарда өңір намысын қорғауға мүмкіндік алады», – дейді Алматы облысының пенчак силат бойынша аға жаттықтырушысы Имаржан Идиллаев.
Облыстық чемпионат – «тандинг» бағыты бойынша өтті. Ол екі спортшы арасындағы жекпе-жек. Ал, жеңімпаздарға арнайы марапаттар табысталды. Сайыс нәтижесі бойынша 38 медальдің иегері анықталды.
Екі күндік жарыс нәтижесінде өз салмақ дәрежесінде жеңімпаздар анықталды. Әйелдер арасында: Абдумежитова Луиза (55 кг), Түркебай Ақзере (65 кг), Исмаилова Карина (70 кг), Махмудова Розалина (+75 кг).
Ерлер арасында үздік шыққандар: Игамбадиев Рамиль (50 кг), Радик Радмир (55 кг), Бақытжан Дияр (60 кг), Дилмуратов Ахилес (65 кг), Зерипов Рафхат (70 кг), Тұрғанжанов Расул (75 кг), Байсеркеев Ерасыл (80 кг), Камирдинов Шахрияр (85 кг), Хамраев Дияр (90 кг), Раймов Сайдиакрам (100 кг), Жандәулетов Марғұлан (110 кг), Узарбеков Виждан (+110 кг).
Жасөспірімдер арасында чемпион атанғандар: Аметов Радмир (25 кг), Мұсажанов Рият (28 кг), Акрамов Сулейман (30 кг), Дилмурат Тажируп (32 кг), Салимов Ислам (34 кг), Нұрсұлтан Нұрәлі (36 кг), Долкунов Эмир (36 кг), Абдумажитов Сатыпалды (38 кг), Саитов Рахим (42 кг), Аршидинов Амир (45 кг), Серіков Аслан (48 кг), Атан Архат (51 кг), Тохтаржан Ислам (54 кг), Даулетов Анвар (57 кг), Тылавалдиев Шахияр (47 кг), Нұрсадық Нұр (51 кг), Олатаев Кәрім (55 кг), Үшіров Нұршат (63 кг), Мавлетов Ұлан (67 кг), Тұрсынов Сардар (71 кг), Адилов Сухрап (75 кг), Айдын Айбын (87 кг).
Ұйымдастырушылар: Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алматы облысының дене шынықтыруды және спортты дамыту орталығы, Алматы облысының Пенчак Силат федерациясы.