-13 °c
Qonaev
Saturday, July 12, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Кәсіпкерлер бас қосты

    23.11.2024
    in Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік
    Кәсіпкерлер бас қосты
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Кеген ауданының әкімдігінде өңір кәсіпкерлері бас қосты. Жиынға Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Еркін Майлыбайұлы, аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаев және өңір прокуроры  Ермек Жамбылұлы қатысты. Жиын барысында аудан тұрғындарына кәсіпті бастау, кеңейту, мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайлану жолдары түсіндірілді.

    Кәсіпкерлермен кездесудің алдында облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Еркін Майлыбайұлы аудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлымен кездесіп, мұндай кездесулерді жиі өткізудің кәсіпкерлік мәселелерін жүйелеуге және олардың шешімін табуға ықпал ететінін атап өтті.

    Кездесу ашық диалог түрінде өтіп, мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне кәсіпкерлер өздерін толғандырған сұрақтарын тікелей қойды.

    «Нұрай» ЖШС өкілі өз кәсіпорнының есеп-шоты Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы тарапынан бұғатталғаны туралы мәселені көтеріп, соның салдарынан 2,5 пайыздық мөлшерлемемен несие ала алмай отырғанын айтты.

    Көптеген кәсіпкер мен шаруа қожалық иелерін мазалайтын тағы бір өзекті мәселе – су тапшылығы. Бұл ретте аудан әкімі бұл мәселені шешу үшін тамшылатып суару технологиясына көшу жұмысы жүргізіліп жатқанын айтты.

    «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша да бірқатар сұрақ қойылды. Кәсіпкерлер бағдарлама аясындағы қаржыландыру талаптары жайында сұрап білді. Барлық көтерілген мәселе Кеген аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Бағдат Ауыпбаевтың бақылауында болады және олардың шешімін табу жолдары қарастырылады.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ,

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облысында ауыл шаруашылығы форумы өтті

    Алматы облысында ауыл шаруашылығы форумы өтті

    2 years ago
    Асы жайлауы мемлекет меншігіне өтті — AMANAT

    Асы жайлауы мемлекет меншігіне өтті — AMANAT

    2 years ago
    Жастарға жанашыр еді

    Жастарға жанашыр еді

    12 months ago
    Абай облысындағы өрттен қаза тапқандардың аты-жөні анықталды

    Өртте қаза тапқан орманшылар марапатталды

    2 years ago
    Салық реформасы баршаға тиімді болуға тиіс

    “Не загнать в тень”: Авторы налоговой реформы о необходимости сбалансированного решения

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>