Кеген ауданының Қарқара ауылында спорт залымен біріктірілген мәдениет үйінің ашылу салтанаты өтті.
Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаев, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Алиев, зиялы қауым өкілдері, мәдениет саласының қызметкерлері және жергілікті тұрғындар қатысты.
Қарқара ауылында мәдениет үйінің жоқтығы – ауыл тұрғындарының көптен бері көтеріп келе жатқан мәселелерінің бірі болған.
Жаңа мәдени нысан ауыл халқының бос уақытын тиімді пайдалануға, іс-шара өткізуге арналған.
Іс-шараға жиналған көпшілік мәдениет үйінің ішін аралап, аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалап, спорттық іс-шаралардың жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты.