-13 °c
Qonaev
Wednesday, June 4, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Әженің әңгімесі

    09.11.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Әженің әңгімесі
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

    Кеген ауданындағы Жалағаш Мәдениет үйінде аналар кеңесінің ұйымдастыруымен көп балалы ана, ақ жаулықты әже Биғайша Әліқұловамен кездесу кеші өтті. Аталған шараға Кеген аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Еркінбек  Қалқаев, аудандық аналар кеңесінің төрағасы Бақытгүл Демежанқызы, ауыл әкімі Айгүл Садырова мен жұртшылық өкілдері қатысты.

    Биғайша Нұрзаққызы 1937 жылы 27 маусымда Қытай Халық Республикасының Тоғызтарау елдімекенінде дүниеге келген. Сауатын төте жазумен ашқан. 1955 жылы 25 ақпанда Әліқұл әулетіне келін болып түсіп, Жүнісбай атамен отау құрады. 1959 жылдың маусым айында атажұртқа оралған. Сол жылы тамыз айынан бастап Тоғызбұлақ ұжымшарында еңбек етті. Жылқы бағып, бие сауды, ұжымшар жұмысшыларына тамақ әзірледі. Сөйтіп жүріп отағасы екеуі 15 ұл мен қыз тәрбиелеп өсірді. «Батыр ана» атанды.

    Қолынан өнері тамған анамыздың бал татыған қымызы, ірімшігі пен сары майы, кілегейі – дастарханның берекесі. Бие сауылып, желіден құлын байланып тұрған шаңырақтан қонақ үзілмеген. Өз қолымен алаша тоқып, түскиіз тіккен. Жасаған құрақ көрпелері ұзатылған қыз жасауының сәнін кіргізді. Бүгінде жасы 87-ке келген Биғайша апамыз 49 немере, 48 шөбере сүйіп отыр.

    Кездесу кешін аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Еркінбек Қалқаев ашты:

    – Биғайша Нұрзаққызы келешек ұрпаққа үлгі болатын, кейінгі жастар өнеге алатын істердің басында жүріп, ер азаматтармен иық теңестіре еңбек етті. Қоғам жүгін қайыспай көтере білген аналарымыз өркениетті даму жолына түскен мемлекетімізде бірлік пен тұрақтылықтың сақталуына, ел әлеуетін көтеруге қазір де сүбелі үлес қосып келеді, – деп, Еркінбек Нұрахметұлы мен аудандық аналар кеңесінің төрағасы Бақытгүл Демежанқызы аудан әкімінің Алғыс хаты мен сый-сияпатын тапсырды.

    Шара барысында кеш кейіпкеріне ұзақ жасаудың сыры, бала тәрбиесі, кеше мен бүгіннің айырмашылығы туралы бірқатар сұрақ қойылып, жиналған көпшілік әженің ақыл-кеңесіне құлақ түрді. Биғайша Нұрзаққызы ұлттық тәрбие, рухани құндылық өлшемі жөнінде кеңінен әңгімеледі. Қазақтың ақ жаулықты анасы дәстүрдің озығын бойына сіңірген ұлттың іргесі сөгілмейтінін айтып, отбасы атты шағын мемлекетте кездесетін кейбір түйткілді жайттарға түсінік берді. Кездесу соңы ауыл өнерпаздарының ән мен күйіне ұласты.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ,

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облысында үздік тауар көрме-байқауы өтті

    Алматы облысында үздік тауар көрме-байқауы өтті

    2 years ago
    Дауыс беруге алғашқылар болып үлкендер келді

    Дауыс беруге алғашқылар болып үлкендер келді

    2 years ago
    Жеке инвестор Қонаев маңында теміржол станциясын салуға мүдделі

    Жеке инвестор Қонаев маңында теміржол станциясын салуға мүдделі

    3 months ago
    Өнерге баулиды

    Өнерге баулиды

    12 months ago
    Павлодар мұнай зауытында сұйытылған газды тазартудың жаңа кешені іске қосылды

    Павлодар мұнай зауытында сұйытылған газды тазартудың жаңа кешені іске қосылды

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>