☀️
6°C
Қонаев
Дүйсенбі, Қараша 3, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алатау қаласының әлеуеті зор

    29.11.2024
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым
    Алатау қаласының әлеуеті зор
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

           Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Алатау қаласына қарасты Еңбек ауылындағы №7 мектепте халықтың алдында есеп берді. Жиынға қала тұрғындарымен қатар, облыстық басқарма басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, облыстық, қалалық мәслихат депутаттары қатысты.

    Биылғы есеп беру кездесулерінің ерекшелігі – барынша еркін форматта ұйымдастырылғаны. Яғни, қала әкімі 15 минуттық баяндамасында өткен жыл еншісінде атқарылған жұмыстар туралы қысқаша баяндаса, қалған уақыттың барлығы тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен сұрақтарына арналуда. Одан бөлек, облыс әкімі қала тұрғындарын жеке қабылдап, оларды толғандырып жүргенін мәселені өз ауыздарынан сұрап біліп, оның шешім табуына ықпал етуде.
    Кездесу барысында тұрғындар қала тұрмысын жақсартуға қажетті деген ең маңызды мәселелерді ортаға салды. Мысалы, Жаңадәуір мен Жаңаталап, Қоянқұс ауылдарына жүріп жатқан қоғамдық көліктің саны мен сапасын жақсартуды талап етті. Одан бөлек, Жаңадәуір ауылына жайлы мектеп салып беруін сұрады. Ол жердегі ескі мектептің негізі 1973 жылы қаланған екен. Ондағы ғимарат 400 балаға арналғанымен, қазір мыңнан астам шәкірт білім алуда. Ауыл тұрғындары мектептің заманға сай еместігін айтып, облыс басшысына өз уәждерін жеткізді.
    Көтерілген сұрақтардың басым көпшілігі баспана, жол, үш ауысым­ды оқытуды жою, жайлы мектеп салу, көгілдір отын, коммуналдық мәселелерге қатысты болды. Әкім әрбір сауалға толық жауап беріп, бұл бағытта атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды кеңінен баяндады.
    Расында, жыл сайын облыстың әлеуеті артып, халық сұранысын қанағаттандыруға бағытталған тың жобалар сәтті жүзеге асырылуда. Аймақ тұрғындарының саны да артып келеді. Жыл сайын көптеген тұрғын үй бой көтеріп, шағынаудандар пайда болуда, жолдардың сапасы жақсаруда. Әсі­ресе, облыс басшысы бұл жұмыстарды атқару барысында жаңадан бой көтеріп келе жатқан Алатау қаласының шет аймақтарына ерекше назар аударуда. Биыл да бұл жұмыс қарқынды түрде жалғасын табатын болады. Соның бірі – «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша салынған Еңбек ауылындағы №7 орта білім ошағы.
    Өңірді дамытуда көптеген жұмыс атқарылып жатқаны кездесуге келген халықтың сөзінен-ақ аңғарылды. Себебі, жиын барысында қала басшысының еңбегіне оң бағасын беріп, алғысын жеткізген Еңбек ауылының тұрғындары көп болды.
    Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев: «Мұның барлығы – Президентіміздің басшылығы мен туған жерінің шынайы жанашыры ретінде еңбек етіп жүрген кәсіпкерлер қолдауының, сіздер мен біздердің бірлесе атқарған тынымсыз тірлігіміздің нәтижесі, халықтың артқан мол сенімінің жемісі», – деді.
    Есеп беру жиынында облыс басшысы қала әкімдігіне кәсіпкерлік басқармасы және өңірлік даму орталығымен бірлесіп, инвесторларды тарту жұмысын жандандыруды тапсырды. Әр іске қолдау танытып, бірлігінің бекемдігі мен ауызбіршілігін көрсетіп жүрген алатаулықтарға шынайы ризашылығы мен алғысын білдірді.

    Бағдат ШОЙБАС

    Алатау қаласы

    Ұсынымдар

    Салық қызметкерлері марапатталды

    Салық қызметкерлері марапатталды

    2 years ago
    Түрік компаниясы Алматы облысында үй құрылысы комбинатына инвестиция салмақ

    Түрік компаниясы Алматы облысында үй құрылысы комбинатына инвестиция салмақ

    3 years ago
    Есірткіге жол жоқ!

    Есірткіге жол жоқ!

    1 year ago
    Көрнекі ақпарат көңілден шыға ма?

    Көрнекі ақпарат көңілден шыға ма?

    6 months ago
    Премьер-министр Әлихан Смайылов өз қызметіне қайта тағайындалды

    Премьер-министр Әлихан Смайылов өз қызметіне қайта тағайындалды

    3 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>