☀️
23°C
Қонаев
Сәрсенбі, Сәуір 8, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алматы облысының тұрғындары МӘМС-ке 32 млрд теңге жарна төледі 

    14.11.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Алматы облысының тұрғындары МӘМС-ке 32 млрд теңге жарна төледі 
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Алматы облысында денсаулық сақтау саласын қаржыландыру халық санының өсуі мен медициналық қызмет көлеміне деген қажеттілікті ескере отырып қалыптастырылады. Қаржыландыруды ұлғайту арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі де артып келеді. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» КЕАҚ Алматы облыстық филиал директоры Тілеухан Әбілдаев мәслихаттың денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спортты дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысында мәлімдеді. Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, 10 ай ішінде облыс тұрғындары МӘМС-ке 32 млрд. теңге жарна төлеген.

    «Медицина ұйымдарына көрсетілген қызметтерді төлеу Қор сарапшылары жүргізген мониторингтен кейін жүзеге асырылады. Биыл мониторинг бойынша жалпы сомасы 1 448,6 млрд.теңгеге 233 421 ақау анықталды. Ақаулардың басым бөлігі амбулаториялық-емханалық көмекке тиесілі. Медициналық көмек көлемін жасанды түрде арттыру, стандарттар мен клиникалық хаттамалардан негізсіз ауытқулар, ақпараттық жүйеге мәліметтерді қате енгізу де бар», – деді депутаттар алдында Тілеухан Шілдебайұлы.

    Қор өкілі филиалдың 10 айлық жұмысының қорытындысын бөлісті. Оның сөзінше, Алматы облысы бойынша тұрғындар тарапынан түскен арыз-шағымдар саны 1218-ге жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда едәуір көп. Ақпаратқа сәйкес, келесідей санаттар бойынша шағымдар санының өскені байқалады: консультациялық-диагностикалық көмек, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету аясында дәрілік заттармен қамтамасыз етуден бас тарту, бейінді педиатриялық мамандардың жоқтығы және тапшылығы.

    «Салада бірқатар мәселе бар. Халықтың сапаға қанағаттану деңгейінің төмендігі, АМСК деңгейінде консультациялық-диагностикалық көмекке қол жеткізудің қиындығы, денсаулық сақтау саласын цифрландырудың төмен деңгейі, медициналық ұйымдардың кредиторлық берешегін айтуға болады», – дейді Тілеухан Әбілдаев.

    Қор өкілі мәслихат депутаттарына қалыптасқан күрделі жағдайдың шешу жолдарын да ашық айтты. Бұл қатарда адам ресурстарын дамыту, медициналық ұйымдардың топ-менеджерлерін қаржылық менеджмент бойынша оқыту бар. Жалпы, комиссия отырысында Денсаулық сақтау басқармасы сенімгерлік басқаруға берілген медициналық мекемелердің жұмыс сапасын бақылау туралы, әйелдер мен жаңа туған нәрестелердің денсаулығына тұрақты мониторинг жүргізу, электрондық денсаулық сақтау жүйесін дамыту және күшейту мәселелері туралы баяндады. Бұдан бөлек, әлеуметтік салалар да қамтылды.

    «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
    08.04.2026
    Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді
    08.04.2026
    Алматы облысында былтыр 44 медициналық нысан пайдалануға берілді
    08.04.2026
    17 жастағы ауыл оқушысы 22 баланың грант алуына көмектесіп, өз өмірін де өзгертті
    08.04.2026
    Денсаулыққа құқық – конституциялық құндылық: декларация емес, мемлекеттің міндеті
    08.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>