-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Бюджетке толықтыру енгізілді

    27.11.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Бюджетке  толықтыру енгізілді
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

           Облыстық мәс­лихаттың кезектен тыс сессия оты­рысы өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Рустам Исатаев, ардагер­лер ұйымының, қоғамдық кеңестің төрағалары, құқық қорғау органдарының, депар­таменттер мен бас­қарма басшылары, Қонаев пен Алатау қала­ларының, аудандардың әкімдері, мәслихат төрағалары қа­тысты. Сессия жұмысын облыстық мәслихаттың төрағасы Қуат Байғожаев жүргізді.

    Сессияның күн тәртібінде бір­қатар мәселе қаралды. Соның негізгісі – облыстық мәслихаттың 2023 жылдың 19 желтоқсандағы «Алматы облысының 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» № 12-62 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу мен басқа да бір­қатар әлеуметтік жобаларды қайта қаржыландыру бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Асылан Ораз баяндама жасады. Ол алдымен облыстық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу себептеріне тоқталды. Оның сөзінше, облыстық бюджет шығыстары ұлғайған.
    – Алматы агломерациясын дамыту бойынша көлденең қаржыландыру аясында 2024 жылғы 19 қарашада ҚР Үкіметінің «Алматы қаласының бюджетінен Алматы облысының бюджетіне қаражат аудару туралы» №968 қаулысы қабылданды. Осы­ған орай, Алматы қаласы бюджетінен бөлінетін трансферттер есебінен «Алматы – Байсерке – Талғар» магистральды газ құбырының 2-желісін салу үшін 95 жер учаскесін сатып алуға 883,1 млн теңге қаражат бөлінетін болады. Оның ішінде Іле ауданында 24 жер учаскесіне 438,3 млн теңге, Қарасай ауданында 71 жер учаскесіне 444,8 млн теңге қарастырылған. Сонымен қатар, «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру мақсатында сенім білдірілген өкіл ӘКК «Қонаев» АҚ қызметіне ақы төлеуге 197,1 млн теңгені меншікті кірістер көлемін ұлғайту есебінен бөлу жоспарлануда, – деді Асылан Ораз.
    Келесі кезекте қаралған Алатау қаласының әлеуметтік қамсызданды­ру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына лауазым­дық жалақыларына ынта­ландыру үстемақыларын белгілеу туралы мәселе бойынша да облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Асылан Ораздың баяндамасы тыңдалды.
    – Алатау елдімекеніне қала мәр­тебесін беру – осы өңірдің дамуына игі ықпал ететін маңызды қадам. Алайда ауылдық жерлерде жұмыс істегені үшін берілетін қосымша ақының жойылуы көптеген қызметкер кірісінің айтарлықтай төмендеуіне әкелуде. Осыған байланысты 25 пайыз мөлшерінде, яғни жойылған қосымша ақыға тең ынталандыру үстемақыларды енгізуді ұсынамыз. Қабылданған шаралар осы шығынның орнын толтыруға және қызметкерлердің жұмысқа деген ынтасын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар 30 қазанда өткен ведомствоаралық комиссия отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ынталандыру үстемақыларын белгілеу мәселесін жергілікті деңгейде шешуді ұсынды, – деді Асылан Саматұлы.
    Сессия отырысы әрі қарай облыс­тық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурызындағы №18-83 «Алматы облысындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебін ұйымдастыру және пайдалану арқылы жаппай балалар спорт түрлерін дамыту» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндет­темелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы баяндамамен жалғасты. Басқарма басшысы Асылан Ораздың сөзінше, облыстағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебін ұйымдастыру және пайдалану арқылы жаппай балалар спорт түрлерін дамыту жобасы бойын­ша төлемдер кестесі бекітілмек. Қосымшаға сәйкес, 2024 жылы жоба бойынша дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталмауына байланысты төлем кестесіндегі 2024 жылға қарастырылған операциялық шығындар 2025-2029 жылдарға қайта бөлінді. Сондай-ақ сессия отырысында өңіріміздің өркендеуіне үлес қосқан бірқатар еңбек адамы мен өнер қайрат­керлеріне «Алматы облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы шешім қабылданды. Олардың арасында Мемлекеттік сыйлықтың иегері, еліміз­ге белгілі суретші Жанұзақ Мүсәпір де бар.
    Сессияны қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Рустам Исатаев халық пен жергілікті билік арасында тығыз байланыс орнатуда депутаттардың еңбегі орасан екенін, бірлескен жұмыстың нәтижесінде бірқатар өзекті мәселе шешімін тап­қанын атап өтіп, мәслихаттың мақсаты халық игілігіне қызмет ету болғандық­тан, алда әлі атқарылуға тиіс қыруар міндет тұрғанын айтты.
    – Жергілікті атқарушы органдар­мен қатар халық қалаулылары да туын­даған мәселелердің кезең-кезеңмен шешілетінін тұрғындарға жеткізе білуі тиіс. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, облыс орталығы мәртебесіне ие болған Қонаев қаласы мен инвестиция тартудың орталығы ретінде жаңадан құрылған Алатау қаласын дамыту – бірінші кезектегі мәселе. Бұл бағытта барлық мәселені шешуге басымдық беріледі, – деді Рустам Маратұлы.
    Аталған сессия отырысында көтеріл­ген мәселелер бойынша тиісті шешім­дер қабылданды.

    Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    Орманды өрттен сақтайық

    Орманды өрттен сақтайық

    11 months ago
    Қайыспаған қайран ерлер

    Қайыспаған қайран ерлер

    12 months ago
    Алматы облысында 629 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады

    ОСК төрағасы: Сайлау күні заң бұзған 42 адам жауапқа тартылды

    2 years ago
    Бала құқығын қорғауға айрықша мән берілді

    Бала құқығын қорғауға айрықша мән берілді

    2 years ago
    Алтын тұғырда ана тіліміз тұрсын!

    Алтын тұғырда ана тіліміз тұрсын!

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>