-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Газет көтерген мәселе

    оң шешімін тапты

    28.11.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Газет көтерген мәселе
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

          Газетіміздің 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №140 санында «Шарында шешімін күткен мәселе көп» тақырыбымен Ұйғыр ауданындағы Шарын ауылы жайында мақала жазған едік. Онда 1976 жылы іргесі қаланған аудандағы ең үлкен Мәдениет үйінің әбден тозығы жеткенін, 2009 жылы жөндеуге деп бөлінген қаражаттың ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткенін ашып айтқанбыз.

    Одан бөлек, 1989 жылы басталып, тәуелсіздіктің алғашқы жылы пайдалануға берілген М.Хамраев атындағы орта мектептің бір бөлігі апатты жағдайда тұрғанын да жеткіздік. 2012 жылы күрделі жөндеуден өтсе де, білім шаңырағының «Е» блогы жарамсыз деп танылып, 2019 жылы техникалық қорытындымен жабылған болатын. Ал жыл басындағы жер сілкінісінен кейін тіптен жарылып, мектеп қабырғалары одан сайын қақырай бастаған. Сонымен қатар ауылдағы 50 төсекті аурухананың мүшкіл жағдайы да назардан тыс қалмады.
    Биыл газет көтерген мәселелердің бірі Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Оған бюджеттен 460 млн теңге бөлінген. Ғимарат құрылысын «Бауыр құрылыс компаниясы» ЖШС қолға алды. 600 орынды өнер ордасының жөндеу жұмыстарына 32 жұмысшы тартылған. Жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.
    Осыдан біраз уақыт бұрын ішінен әр кетіп, қабырғалары құлап, есік-терезелері сынып, қараусыз қалған ғимарат аз уақыт ішінде біршама өзгерген. Мәдениет үйінің директоры Матайхан Қыпшақбаева көптен күткен қуанышымен бөлісті.
    «Шарын күннен-күнге көркейіп келеді. Аудандағы алдыңғы қатарлы ауыл десек, мақтанғанымыз емес. Бірақ осы мәдениет ошағының күйі жанымызға бататын. Қыста аядай бір бөлмеге тығылып, күнелтетінбіз. Шараларды өткізуге де мүмкіндік жоқ болатын. Енді, міне, халықтың айтқан ұсыныс-пікірі ескеріліп, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аудан, облыс басшыларына айтар алғысымыз шексіз», – деп алғысын жаудырды.
    Тапсырыс беруші – аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Құндыз Сабырбай жұмыстың дер кезінде әрі сапалы жасалуын бақылап отырғандарын, әзірге ешқандай шағым жоқ екенін жеткізді.
    Жөндеу жұмысының техникалық қадағалау қызметіне «Сәулет-16» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 12 220 681.54 теңгеге, ал авторлық қадағалау қызметіне «Kaz Internation Compan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 4 693 814.72 теңгеге келісімшарт жасалған.
    Мәдениет – ұлттың айнасы. Сондықтан өткенімізден тағылым алар, ұлттығымыздың бет-бейнесі болар мәдениетімізді құрдымға кетірмей, дамытуымыз керек. Ол үшін жер-жердегі есігінде қара құлпы тұрған Мәдениет үйлері мен клубтардың тынысын ашып, жаңа леп беруіміз керек. Жаңа кейіпке енген Шарындағы өнер ошағы ауыл ажарына айналып, жағымды жаңалығымен қуантарына сенім мол.

    Анар Дүйсенбайқызы

    Ұйғыр ауданы

    Ұсынымдар

    АХАҢНЫҢ ЖОЛЫН ҚУҒАН

    АХАҢНЫҢ ЖОЛЫН ҚУҒАН

    8 months ago
    Кітап – рухани қазына

    Кітап – рухани қазына

    4 months ago
    Жаңбыр суы да өндіріске жаратылмақ

    Жаңбыр суы да өндіріске жаратылмақ

    11 months ago
    Есік пен Талғардың арасында қоғамдық көліктер қайта жүре бастады

    Есік пен Талғардың арасында қоғамдық көліктер қайта жүре бастады

    2 years ago
    Алматы облысында «Дулат-Қонаев» теміржол желісі салынады

    Алматы облысында «Дулат-Қонаев» теміржол желісі салынады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>