-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Кәсіпкерлікке қолдау зор

    07.11.2024
    in Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік, Экономика
    Кәсіпкерлікке қолдау зор
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

           Алматы және Жетісу облыстарының 2022 жылы қайта бөлінгені белгілі. Сәйкесінше, «Даму» қорының да филиалдары өз алдына шаңырақ көтеріп, бекітілген өңір аумағында кәсіпкерлікке қолдау көрсетіп келеді. Осы аз ғана уақыт ішінде атқарылған жұмыстарды көрсету мақсатында «Даму» қорының Алматы облыстық филиалы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап баспасөз турын ұйымдастырып, қазақстандық өндірістік компаниялардың жұмыс қарқынымен таныстырды.

    Жыл басынан бері облыстың 973 шағын және орта кәсіпорны «Даму» қорынан қолдау ретінде 113,6 млрд теңге алды. Оның ішінде субсидиялау бағыты бойынша 83,6 млрд теңге сомасына – 619 жоба, кепілдік беру бағыты бойынша 20,76 млрд теңге сомасына – 289 жоба, жеңілдетілген кредиттеу бойынша 9,193 млрд теңге сомасына 65 жоба қаржыландырылды. Баспасөз туры барысында мемлекеттік қолдаудың көрнекі нәтижелерін Қазақстандағы ақ бетон­ды шпалдар шығаратын зауыт – «Фирма Бент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен тұрмыстық косметика және өнеркәсіптік химия өндірушісі – «Goldman and Young» жауапкер­шілігі шектеулі серіктестігі көрсетті.
    Жекелей тоқталатын болсақ, негізі 1987 жылы қаланған «Фирма Бент» ЖШС – Қазақстандағы темірбетон шпалдарын шығаратын рельсті бекіткіштері бар жалғыз зауыт. Мұнда материалдардың 400-ден астам түрін сынау мүмкіндігі бар жеке зертхана, 11 техникалық мамандық бойынша жұмыссыздарды оқытуға арналған оқу орталығы бар. Зауыттың өндіріс тиімділігін арттыру үшін роботты қондырғылар сатып алынды. Олар барлық техникалық күрделі және қауіпті жұмыстарды (ыстықтай соғып-майыстыру, сөндіру және басқалары) толығымен автоматты түрде орындайды. Бір робот үш адамның жұмысын атқарады. Бұл персоналдың қауіпсіздігін жақсартуға, еңбек өнімділігін арттыруға, ақаулар санын азайтуға және өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңдағы зауыттың өндірістік қуаты 800 000 темірбетон шпал жиынтығын шығаруға қауқарлы. Кәсіпорын – «Қазақстанның үздік тауары» байқауының бірнеше дүркін жеңімпазы. Сонымен қатар «Алтын Сапа» импортты алмастыру жөніндегі үздік кәсіпорын ретінде марапатқа ие. Компания өнімдері Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейге экспортталады.
    «Фирма Бент» ЖШС-ның өндіріс жөніндегі вице-президенті Серік Күзімбаев: «Жалпы ауданы 5,7 гектар болатын кәсіпорында 650 адам жұмыс істейді. Зауыт Қазақстанның теміржол желісінің дамуына елеулі үлес қосып келеді», – деп атап көрсетті. Бұған қоса соңғы 5 жылда компания мектеп жабдықтарын жаңғыртуға 400 млн теңгеден астам инвестиция салып, 50-ден астам жаңа жұмыс орнын ашты. Биыл компания пайыздық мөлшерлемені субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдау шаралары аясында алынған 500 млн теңге мөлшеріндегі кредиттік қаражатқа өнім өндіру жөніндегі қызметті кеңейтті.
    Қор көмегінің арқасында шаруасын дөңгелентуге мүмкіндік алған келесі бір компания – «Goldman and Young» ЖШС. Серіктестік – жоғары сапа стандарттарына сәйкес кез келген косметикалық өнімдерді, тұрмыстық химия тауарларын және кең ассортименттегі дезинфекциялау құралдарын шығаруға қабілет-қуаты жеткілікті бірыңғай технологиялық жүйе болып саналатын заманауи өндірістік кешен. Компанияның зауытында өз өнімдеріне арналған полимерлі ыдыстарды шығаратын арнаулы жеке цехы бар.
    Бүгінгі таңда компания өз саласында жетекші орынға ие және әртүрлі салалар үшін 100-ден астам кәсіби тазалау, жуу және дезинфекциялау құралдарын шығарады. Компания нарықтың әртүрлі секторларына, мысалы, 5 жұлдызды халықаралық қонақүйлер желілеріне, халықаралық тамақтандыру компанияларына, мейрамханаларға, ірі дистрибьюторлық компанияларға, мұнай-газ кәсіпорындарының вахталық кенттеріне, халықаралық гуманитарлық ұйымдарға және тағы басқа үлкен клиенттік базаларға тауарларын жеткізеді. Сондай-ақ «Goldman and Young» ЖШС өнімдері жақын және алыс шет елдерге экспортталады.
    Бүгінгі күні компания BASF, ISP, Evonic, Clariant, Croda, Givaudan, Mane сияқты ірі шикізат жеткізушілерімен ынтымақтаса жұмыс істеуде. Компанияның құрамында 20 жылдан астам тәжірибесі бар жоғары білікті химиктер мен технологтар бар. Зауыт аумағында шығарылатын өнім ассортиментін әзірлеуге арналған жеке химия зертханасы және сапаны бақылау зертханасы бар.
    Компания басшысы Шолпан Итбаева: «Біз алғашқы жұмысымызды даму зертханасы және шағын өндіріс ретінде бастадық. Уақыт өте келе кеңеюіміз керек екенін түсіндік. Содан кейін «Даму» қорына жүгіндік. Қордың қолдауы мен бізге деген сенімінің арқасында қазір үлкен өндіріске айналдық. Бүгінгі таңда ассортиментте жүзден астам әртүрлі өнім бар», – деп атап өтті. Сондай-ақ таяуда «Goldman and Young» ЖШС субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдау шаралары аясында 91 млн теңге мөлшеріндегі қарыз қаражатына өндіріс қуатын кеңейткен.
    «Даму» қорының Алматы облыстық филиалының директоры Әбілахат Балтаев: «Даму» қоры Қазақстанның барлық өңірінде кәсіпорындардың сапалы жұмыс істеуіне жәрдемдесіп, айтарлықтай экономикалық серпін береді. Алматы облысында 2010-2023 жылдар аралығында мемлекеттік қолдау алған кәсіпкерлер 11,3 мың жаңа жұмыс орнын ашты. Олар бюджетке салық түрінде 499 млрд теңге төледі», – деп атап көрсетті. Ол сонымен қатар егер кәсіпкер бағдарламаға кірсе, оның тиімділік критерийлері бар екенін ескерте келіп, екі жыл ішінде ол кірістерінің, салықтарының өсуін растап, жұмыс орындарын құруға тиіс екенін еске салды. Бағдарлама басталғаннан бері Алматы облысында «Даму» қоры барлығы 17 мыңға жуық кәсіпкерге қолдау көрсетсе, бұл ретте бас тарту – 1 пайыздан аз. Бұл қордың барлық кәсіпкерге қолдау көрсететінін білдіреді.

    Бейбіт МЕКЕЕВ

    Ұсынымдар

    Алматы облысында балаға зорлық көрсетті деген күдікті ұсталды

    Алматы облысында балаға зорлық көрсетті деген күдікті ұсталды

    2 years ago
    Экологиялық мәселе  қаралды

    Экологиялық мәселе қаралды

    2 months ago
    АЙНЫМАС ДОС, ТАРЛАН ТАЛАНТ ЕДІ

    АЙНЫМАС ДОС, ТАРЛАН ТАЛАНТ ЕДІ

    2 months ago
    Доссор кентіндегі жаңа өрт сөндіру депосы 15 мың тұрғынды қорғайды

    Доссор кентіндегі жаңа өрт сөндіру депосы 15 мың тұрғынды қорғайды

    4 weeks ago
    “Ерекше” балалар лагерінің жазғы маусымы аяқталды

    “Ерекше” балалар лагерінің жазғы маусымы аяқталды

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>