-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Күрделі жөндеу кешікпеуі тиіс

    21.11.2024
    in Барлық жаңалықтар, Қоғам
    Күрделі жөндеу кешікпеуі тиіс
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

           Биылғы оқу жылында Кеген ауданында күрделі жөндеуден өткен Өзек Жаңабаев атындағы орта білім ошағы мен Заманбек Нұрқаділов атындағы балалар өнер мектебі қолданысқа берілді. Осындай күрделі жөндеуден өтіп жатқан тағы бір нысан – Тасашы орта мектебі. Осыған орай, Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев Тасашы орта мектебіне барып, құрылыс жұмысын көзбен көрді.

    1974 жылы пайдалануға берілген мектепке сейсмикалық күшейту және күрделі жөндеу жүргізілуде. Құрылыс жұмысы сәуір айында басталды. Салынып жатқан үшқабатты ғимараттың аумағы 1905 шаршы метрді құрайды. Оқу орны 600 оқушыға лайықталған.
    Аудандық білім бөлімінің бас­шысы Мұратжан Қожанұлы бүгінгі таңда нысанның құрылыс жұмысы 70 пайызға орындалғанын айтты. Жобада асхана, шағын орталық салу, аумақты қосымша көгалдандыру қарастырылған. Сондай-ақ бірқатар кабинетке интерактивті панельдер орнатылмақ.
    Аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаев ауа райының салқындайтынын еске салып, мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс жұмысын жеделдетіп аяқтауды тап­сырды. Материалдардың сапасына, мектептің заманауи жабдықтарына және жиһаздардың ыңғайлылығына ерекше назар аударды.
    – Мектеп осы жылдың аяғында пайдалануға берілуі тиіс. Оған дейін мектепті жылытуға арналған қазандық дайын болуы керек, – деді Нұрбақыт Молдахметұлы. Ол құрылыс нысанымен танысып шыққан соң, көркейту-көгалдандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды көріп, алдағы уақытта осы аймаққа төзімді басқа да ағаш көшеттерін әкеліп, гүлзарларды заманауи әдістермен суару технологиясын қолдану қажеттігін айтты.
    Тасашы орта мектебінің күрделі жөндеу жұмысына 1 млрд 119 млн теңге бөлінген. Бас мердігер – «Баймен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
    Участок меңгерушісі Айбар Асқаров:
    – Мектептің күрделі жөндеу жұмысы биыл сәуір айында басталды. Кесте бойынша сәл кешігу бар, желтоқсан айының аяғында толық бітіреміз. Ішкі әрлеу жұмысы жүргізілуде, электр сымдары тартылуда. Сыртқы қаптау жұмысы аяқталуға жақын. Енді ойын алаңы мен жарық шамдарын орнату, мектеп алдына тас төсеу ісі қалды, – деді.
    Тасашы орта мектебінің құрылысы жыл соңында аяқталса, оқушылар қаңтар айынан бастап жаңа мектепте білім алатын болады. Сондай-ақ жұмыс барысында аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаев Тасашы орта мектебі жанындағы интернатты аралап көрді.
    Алдағы уақытта Тұйық және Қарқара мектептерін күрделі жөндеу­ден өткізу жоспарланған.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Қолына қыран қондырған

    Қолына қыран қондырған

    6 months ago
    Экономикалық тиімділігі мол

    Экономикалық тиімділігі мол

    8 months ago
    Қонаевта құдық қақпақтары жиі ұрланады

    Қонаевта құдық қақпақтары жиі ұрланады

    2 years ago
    Президент: Депутаттардың ел алдындағы жауапкершілігі артты

    Президент: Депутаттардың ел алдындағы жауапкершілігі артты

    2 years ago
    АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың ресми сайты іске қосылды

    АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың ресми сайты іске қосылды

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>