⛅
16°C
Қонаев
Сейсенбі, Қыркүйек 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Науқастарға 507 млн теңгенің дәрі-дәрмегі тегін берілген

    05.11.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Науқастарға 507 млн теңгенің дәрі-дәрмегі тегін берілген
    0
    SHARES
    55
    VIEWS

    Жыл басынан бері Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасы 507 миллион теңгенің дәрі-дәрмегін науқастарға үлестірді. Бұл – тіркеуде тұрған емделушілерге арналған тегін көмек түрі. Диагнозы әртүрлі науқастардың еміне сеп болу, олардың денсаулығын жақсарту мақсатында ұйымдастырылатын шара дәстүрлі түрде ай сайын өтеді.

    Бүгінде көпсалалы ауруханада 8 мың науқас есепте тұр. Олар әртүрлі диагнозы бар емделушілер. Әсіресе қант диабеті, жүрек-қан тамырлары және созылмалы дертке шалдыққан науқастар қарасы көп. Мұндай ауру түрлері ұзақ мерзімді емдеуді талап ететіндіктен, дәрі-дәрмекпен қамту маңызды.

    «Біздің ауруханада дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету 80-90 пайыз жүзеге асады деп айта аламын. Себебі, биыл барлық ауруға қарсы дәрілеріміз бар. Емделушілер қант диабетінен бастап, артериалдық гипертензия дертіне дейінгі дәрі-дәрмектерге қол жеткізе алады. Олардың бірқатары тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде берілсе, қалғаны Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен халыққа қолжетімді», – дейді қалалық көпсалалы ауруханасының провизоры Күлбану Бекмағамбетова.

    Мұндай көмек түрі азаматтардың қаржылық ауыртпалығын жеңілдетуге де септеседі. Өйткені, бір дәрі-дәрмек құны тым қымбат. Кейбірінің 1 миллион теңгеден асады. Орта есеппен жылына бір емделушінің қалтасынан 15 миллион қаржы кететін еді. Бірақ, тұрғындар ТМККК және МӘМС жүйесі арқылы тегін қамтамасыз етіледі.

    «Есепте тұрған 8 мың науқастың ішінде балалар да бар. Рецепт арқылы тегін қамтамасыз ететін дәріханамыздан барып алады. ТМККК қант диабеті, жүрек аурулары және өзге де күрделі ауруларды қамтиды. Анимия, буын аурулары, балаларда кездесетін аурулардың басым бөлігіне препараттар МӘМС есебінен тегін беріледі. Ең жиі кездесетін дерттер қатарында жүректің ишемиялық аурулары, артериялдық қан қысымы, созылмалы және жүйке жүйесі аурулары бар. Бұл диагноз қойылған науқастар қымбат тұратын дәрілерге тегін қол жеткізіп отыр», – дейді Қалалық көпсалалы ауруханасының Үздік тәжірибелер орталығының меңгерушісі Гүлзира Қарпықбаева.

    Мамандардың айтуынша, тегін дәрі-дәрмек алу үшін азамат тіркелген жеріндегі жергілікті дәрігерге я медбикеге баруы керек. Учаскелік дәрігер немесе медбике дәрі-дәрмектің Халықаралық жалпы атауын көрсететін рецепт береді. Рецепт пен жеке куәлікпен науқас тіркелген емханасының дәріханасына барып, дәрі-дәрмек алуы керек. Препараттарды қолданылуына байланысты оларды 3 айға дейін қабылдауға болады. Кейбір аурулар үшін міндетті шарт – диспансерлік есепте болу.

    ӘМСҚ Алматы облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

    Ұсынымдар

    Мәжіліс төрағасы келесі сессияда қандай заң жобалары талқыланатынын айтты

    Мәжіліс төрағасы келесі сессияда қандай заң жобалары талқыланатынын айтты

    2 years ago
    ЕЛ ЕҢСЕСІН КӨТЕРГЕН

    ЕЛ ЕҢСЕСІН КӨТЕРГЕН

    5 months ago
    Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: елімізде цифрлық экожүйе қалай қалыптасып келеді

    Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: елімізде цифрлық экожүйе қалай қалыптасып келеді

    2 weeks ago
    Елімізде ауыл мектебі оқушылары арасында тұңғыш рет олимпиада басталды

    Елімізде ауыл мектебі оқушылары арасында тұңғыш рет олимпиада басталды

    2 years ago
    Бетбұрыс басталды

    Бетбұрыс басталды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>