-13 °c
Qonaev
Tuesday, May 13, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қағаз бұйымдар өндіреді

    16.11.2024
    in Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік, Өңір тынысы, Экономика
    Қағаз бұйымдар өндіреді
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

    Панфилов ауылында орналасқан «Nur Kagazy» компаниясы бүгінгі күні отандық қатпарлы қағаз өнімдерін өндірушілер арасында көшбасшылардың бірі саналады. Әрине, зауыт қағаз, картон және қатпарлы өнім нарығына кеше ғана келген жоқ, компанияның бұл өнімдерді шығара бастағанына 16 жылдан  асып барады.

    Нақтырақ айтсақ, «Nur Kagazy» азық-түлік, дәрі-дәрмек үшін қорап және басқа да түрлі тауарларды тасымалдауға арналған ыдыстар шығарады. Зауыттың бір ерекшелігі, мұнда әртүрлі мақсатқа арналған ең күрделі деген қатпарлы өнімді үш түстегі флексобаспамен шығаруға болады. Сондай қатпарлы өнімнің бірі – ең көп таралған және әмбебеп қатпарлы өнім саналатын 4 клапанды қорап.  Оның артықшылығы – құрылымының қарапайымдылығы, даярлаудағы технологиялық және өнімдерді орналастырудағы ыңғайлылық.

    Компания директорының орынбасары Назым Мақпунованың айтуынша, зауытта 2018 жылы қатпарлау және тегіс қабатты картон үшін қағаз шығаруға арналған жаңа машина қолданысқа енгізілген. Кәсіпорынның табысты жұмыс істеуіне жаңа технологияларды енгізу арқылы өндірісті серпінді дамыту негіз болып отыр. Зауыттың өзіне тиесілі өндірістік зертханасы да бар. Сол жылы қатпарлы өнімдер үшін қағаз және тегіс қабатты картон шығаратын цех пайдалануға берілген.

    Зауытта 2022 жылы іске қосылып, заманауи жоғарытехнологиялы құралдармен жабдықталған және жылдық қуаты 120 миллион шаршы метр өнім шығаратын жаңа цех бар. Бұл цех 3 және 5 қабатты картоннан С, В, Е жаймасында ең күрделі деген  қатпарлы өнімдер шығара алады. Сондай-ақ  картонды гильза өндіретін цех іске қосылған.

    Биыл зауытты жоғары экономикалық және өндірістік деңгейге көтерген қысқа және орта мерзімді даму жоспарларын рет-ретімен жүзеге асыру үдерісі басталады. Ал кәсіпорынның өндірістік базасын ауқымды жаңғырту 2013 жылы басталып, қатпарлы ыдыстар шығару желісі автоматтандырылған.

    «Nur Kagazy» – өз қызметінде экологиялық жауапкершілік қағидаттарын және шикізат қалдықтарын екінші рет қайта пайдаланып, өнім шығару кезінде зиянсыз химиялық қоспаларды қолданып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану шарттарын басшылыққа алып отырған заманауи зауыт. Компания саясаты қызметкерлердің әлеуметтік тұрғыда қорғалуын қамтамасыз ете отырып, зауыттың тиімді жұмыс істеуіне бағытталған. Қазір мұнда 240 адам еңбек етіп, тәулігіне 300 тонна өнім өндіреді. Кәсіпорын мамандары отандық және әлемдік тәжірибелерді қолдана отырып, үнемі өнімнің сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізіп келеді. Мұның бәрі түптеп келгенде компанияның келешекке сеніммен қарауына мүмкіндік береді.

    «Nur Kagazy» ЖШС бүгінгі күннің өзінде өз өнімдерін Ресей, Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан елдеріне экспортқа шығарып отыр. Алдағы уақытта басқа елдерге де экспорттау жоспарларында бар.

    – Зауыттың қағаз және картон цехында заманауи сынақ және өлшеу құралдарымен жабдықталған өндірістік зертхана тұрақты жұмыс істейді. Өйткені, біз өз жұмысымызда өнім сапасына қатты көңіл бөлеміз. Өзінің физика-механикалық көрсеткіштері бойынша өнімдеріміздің сапасы мемлекеттік стандарт талаптарынан да жоғары. Біздің негізгі ұстанымымыз – әрбір тұтынушымен жеке жұмыс істеу және серіктестің мүдделерін ескеру. Осы орайда зауыттағы конструкторлық бөлім тапсырыс берушілердің қандай күрделіліктегі болсын, жеке ыдыс түрлерін әзірлеп, 1 миллиметрге дейінгі дәлдікте жасайды. Компаниямыздың жоғары сапалы өнімдеріне, әсіресе қатпарлы өнімге деген сұраныс тұрақты түрде артып келеді. Осыған байланысты, енді зауыт басшылығы алдында қуаттылықты арттырып, қатпарлы ыдыстар шығару бойынша жаңа цех ашу мәселесі тұр, – деді Назым Мақпунова.

    Бұл – уақыт талабынан туындаған қажеттілік. Өйткені, күн өткен сайын бүкіл әлем мұнай қалдықтарынан химиялық әдістермен дайындалатын жасанды ыдыстардан бас тартып жатыр. Себебі оларды пайдаланған соң қоқыс ретінде қоршаған ортаға тигізетін зияны көп. Ал қағаздан жасалатын ыдыстардың экологиялық зияны мүлде жоқ деуге болады.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ,

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Табиғат түзген туынды

    Тамсандырған, ән салдырған!

    9 months ago
    АЭС мәселесіне мамандар пікіріне жүгінген жөн

    АЭС мәселесіне мамандар пікіріне жүгінген жөн

    8 months ago
    Теорияны тәжірибемен ұштастырған

    Теорияны тәжірибемен ұштастырған

    5 months ago
    Халық саны 20 миллионға жетті

    Халық саны 20 миллионға жетті

    1 year ago
    Зауыт іргетасы қаланды

    Зауыт іргетасы қаланды

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>