⛅
-21°C
Қонаев
Сенбі, Қаңтар 17, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті

    22.11.2024
    in Барлық жаңалықтар, Төтенше жағдай
    «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Жамбыл және Алматы облыстары бірлесіп, «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын сәтті өткізді.  Оқу-жаттығу Қордай ауданында, «Алматы-Ташкент-Термез» республикалық маңызы бар автожолдың 205 шақырымында (Қордай асуы) ұйымдастырылды.

    Шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жеке қатысып, техникалардың жай-күйін тексерді, жауаптылардың дайындық деңгейін бақылады.

    Оқу-жаттығу арнайы дайындалған сценарий бойынша жүргізіліп, апаттан құтқару және шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру, адамдарды іздеу және құтқару, алғашқы медициналық көмек көрсету, қауіпті аймақтардан жылыту пункттеріне, жақын елдімекендер мен емдеу мекемелеріне эвакуациялау шаралары іс жүзінде тексерілді.

    Іс-шараға жергілікті атқарушы органдар, апаттан құтқару қызметтері мен құрылымдары, азаматтық қорғау қызметтері, төтенше жағдайлар департаменті және оның бағынысты бөлімшелері, ҚР ТЖМ-нің «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің Жамбыл облыстық филиалы, Полиция департаментінің құрылымдық және бағынысты бөлімшелері белсенді атсалысты. Алматы мен Жамбыл облыстарынан барлығы 150 адам және 42 бірлік техника жұмылдырылды.

    Екі облыстың әкімдері оқу-жаттығуға қатысқандарға алғыс білдіріп, төтенше жағдайдың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

    Алматы облысының әкімдігі

    Ұсынымдар

    Әдемі ойын өрнегі

    Әдемі ойын өрнегі

    10 months ago
    Қоян-қолтық ұрыс спортынан облыс біріншілігі өтті

    Қоян-қолтық ұрыс спортынан облыс біріншілігі өтті

    12 months ago
    Жастар

    Алматы облысында жастарды қолдауға арналған жобалар іске қосылады

    3 years ago
    Шахматтан Азия чемпионатына Алматы облысынан екі оқушы қатысып жатыр

    Шахматтан Азия чемпионатына Алматы облысынан екі оқушы қатысып жатыр

    3 years ago
    Шыңғыстау шыңы

    Шыңғыстау шыңы

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>