-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Сақтықта қорлық жоқ

    19.11.2024
    in Барлық жаңалықтар, Төтенше жағдай
    Сақтықта қорлық жоқ
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

          Апат бола қалған кезде бірлесе қимылдап, жұмыла жұмыс істеу үшін облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласында облыс­тық жұмылдыру дайындығы басқармасы мен төтенше жағдайлар департаменті бірлесе отырып, «Зілзала кезіндегі мемлекеттік қорғаныс жүйесі мен тұрғындардың іс-қимылы» атты жаттығу өткізді.

    Бірнеше кезеңге бөлініп өткізілген шараға қаладағы көптеген маңызды нысан қамтылған болатын. Алдымен, Қарасай ауданының әкімдігінде өңірдегі мекемелер мен басқарма басшыларының қатысуымен төтенше жағдайлардың алдын алу және қалпына келтіру жөніндегі комиссияның отырысы өткізілді. Осы жерде жауаптыларға сейсмикалық жаттығу барысында атқарылатын шаралар белгіленіп берілді.
    Осыдан кейін жаттығудың тәжірибелік кезеңі басталды.Комиссия мүшелері «Қаскелең автобус паркі» ЖШС-нда болып, азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметі жауынгерлерінің дайындығын тексеруден өткізді. Келесі кезекте зілзаладан зардап шеккен халықты, баспанасыз қалған тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру, оларды тізімге алып, дәрігерлік көмек көрсету орталығында болып, мұндағы дайын­дық сапасына баға берді. Бұл орталық Қаскелең қаласындағы Абай атындағы мектеп-гимназияда орналастырылған.
    Жаттығулар сол сияқты «Алтын ауыл» ықшамауданында орналасқан осымен аттас орта мектепте жалғасын тапты. Жоспар бойынша зілзаладан зардап шеккен тұрғындар алдымен осы жерге шоғырландырылып, соңынан Абай атындағы мектепке тасымалдануы керек болатын.
    Шамалған ауылында комиссия мүшелері қосалқы орталықтың жай-күйімен танысса, Елтай ауылдық округіне қарасты Көкөзек елдімекеніндегі «Almaty tannery» ЖШС-на тиесілі былғары зауытында өрт сөндіру жаттығулары өткізілді.
    Ауқымды іс-шараның қорытындысы бойынша, төтенше жағдайлар бола қалған жағдайда мемлекеттік мекемелер мен халықтың дайындығы сарапқа салынып, оңды нәтижелермен бірге әлі де болса жетілдіре түсетін тұстары атап көрсетілді. «Апат айтып келмейді» дегендей, сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан аудан тұрғындары мен тиісті қызметтер бірлесе әрекет етуге дайын болуы керектігі қатаң ескертілді.

    Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Мүгедектігі бар жандардың мүмкіндігін күшейтетін шара

    Мүгедектігі бар жандардың мүмкіндігін күшейтетін шара

    10 months ago
    Қазақстан тауларында жаңбырдан сел жүруі мүмкін — “Қазгидромет”

    Қазақстан тауларында жаңбырдан сел жүруі мүмкін — “Қазгидромет”

    1 year ago
    Көпірден секірмек болған жігітті райынан қайтарды

    Көпірден секірмек болған жігітті райынан қайтарды

    2 years ago
    ҚАЗАҚСТАНДА АДАМ ПАПИЛЛОМАСЫНА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯЛАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

    ҚАЗАҚСТАНДА АДАМ ПАПИЛЛОМАСЫНА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯЛАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

    5 months ago
    Есік пен Талғардың арасында қоғамдық көліктер қайта жүре бастады

    Есік пен Талғардың арасында қоғамдық көліктер қайта жүре бастады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.