-13 °c
Qonaev
Friday, May 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Шарындағы шаттық

    16.11.2024
    in Барлық жаңалықтар, Туризм және саяхат, Экология
    Шарындағы шаттық
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

    Әлемде сирек кездесетін, көркімен көзді баурайтын Шарын шатқалы мен Ерен тоғайы – Қарадаланың тұмарындай. Осынау тұмса табиғатқа бай өлкеде қоршаған ортаны қорғауға арналған игі шара өтті. Аталған жиын Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 20 жылдығына арналды.

    Шарын – экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Ұлттық парктің көлемі 127050 гектарды құрайды. Мұнда 4 туристік бағыт –  «Шарын ерен саяжайы», «Шарын шатқалы – Қамалдар аңғары», «Бейіттер мен қорғандар», «Темірлік – кіші шатқалы» бар. Аң-құстардың түр-түрі кездеседі. 1000-ға тарта өсімдік пен омыртқалы жануар тіршілік етеді, олардың 27 түрі Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген. Жалпы парк аумағы флора мен фаунаға өте бай. 2018 жылы Шарын МҰТП ЮНЕСКО-ның халықаралық биосфералық резерваттар желісіне енді. Бүгінгі таңда табиғи парк халықаралық маңызға ие болды.

    Шонжыда өткен мерейтойлық шараға көршілес мемлекеттерден ғалымдар және республикамыздағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басшылары, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті мен Зоология институтының мамандары қатысты. Аудандық Мәдениет үйінде Шарын МҰТП аумағында кездесетін аң-құстардан, өсімдіктерден ақпар беретін көрме қойылды.

    Салтанатты жиында алғашқы құттықтау сөз ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаевқа берілді. Ол еліміздегі ерекше қорғалатын аумақтардың жұмысына аз-кем тоқталып, табиғат байлығы саналатын Шарын шатқалы мен Ерен тоғайы мемлекетіміздің қазынасы екендігін ерекшелеп айтты. Осы аумақты қорғауда еңбек сіңіріп жүрген жандарға алғыс айтып, бірқатар парк қызметкерлерін арнайы төсбелгімен марапаттады. Ұйғыр аудандық мәслихатының төрағасы Нұрәкім Есжан, Алматы облысының Құрметті азаматы Ызғарбек Бектұрсынов, «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасы, география ғылымдарының докторы Медеу Ахметқалдар ақжарма тілектерін ақтарды.

    Шарын МҰТП директоры Гүлмира Нысанбаева парктің 20 жыл ішінде жеткен жетістігін көпшілікке паш етті. Парк аумағы 20 айналымға бөлінген, 20 мемлекеттік инспектор қорғайды. Жыл сайын мұнда келетін туристер саны артуда. Парк құрылған жылы 635 турист келсе, қазіргі таңда демалушылар саны 113 000-ға жетті. Сонымен қатар мекеменің техникалық базасы да жақсарған. Мамандардың жұмыс істеуіне толық жағдай жасалған. Гүлмира Нұрәліқызы парк тек өз ішінде ғана емес, аудан аумағындағы мекеме, мектептермен де тығыз байланыс орнатып, оқушыларды табиғатты қорғауға, оған жанашырлық танытуына тәрбиелеу мақсатында үздіксіз жұмыстардың да жүргізіліп жатқандығын сөз етті.

    Бұдан кейін салтанатты жиын ғылыми конференцияға ұласты. Шетелдік және отандық ғалымдар Шарынның ерекшеліктері туралы баяндама оқып, парктің келешегін кеңінен сөз етті. Ертесі алыс-жақыннан келген қонақтар Шарын шатқалы мен Ерен тоғайын аралады. Табиғаттың ерекше сұлулығын өз көздерімен көріп, таңданыстарын жасырмады.

    Осылайша Шарын МҰТП-ның 20 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде өтті. Конференция барысында Шарын шатқалы туралы 50-ден астам ғылыми баяндама жинақталған кітап, парктің аң-құстары мен өсімдіктері толықтай қамтылған фотоальбом қонақтарға сый ретінде табысталды.

    Анар Дүйсенбайқызы,

    Ұйғыр ауданы

    Ұсынымдар

    Үздік отбасылық медицина орталығы

    Үздік отбасылық медицина орталығы

    11 months ago
    Қарасай ауданының аналар алқасы референдумда дәстүрлі шашу шашты

    Қарасай ауданының аналар алқасы референдумда дәстүрлі шашу шашты

    7 months ago
    Сапа – басты назарда

    Сапа – басты назарда

    7 months ago
    Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы

    Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы

    9 months ago
    Алматы облысында тұрғындар жер телімін әділ бағалауды сұрайды

    Алматы облысында тұрғындар жер телімін әділ бағалауды сұрайды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.