-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Туризм әлеуеті артады

    01.11.2024
    in Барлық жаңалықтар, Туризм және саяхат
    Туризм әлеуеті артады
    0
    SHARES
    13
    VIEWS

            Алматы облысы – республикадағы туристік әлеуеті жоғары аймақтың бірі. Бай табиғаты, әр алуан климаты, ерекше таулы аймақтары мен мәдени-тарихи нысандары бар облыс туризмнің бірнеше түрін дамытуға сұранып тұр деуге болады. Көркіне көз тоймайтын Көлсай көлдері мен Шарын шатқалы сияқты жаратылысы өзгеше орындар табиғатта серуендегенді ұнататын туристердің сүйікті орнына айналғалы қашан?! Ерте көктемнен қара күзге дейін мұнда трекингпен, альпинизммен айналысуға мүмкіндік мол болса, қыс айларында «Ақбұлақ», «Ой-Қарағай», «Пионер» сияқты демалыс орындарында шаңғы теуіп, таза ауамен тыныстау үшін барлық жағдай жасалған.

    Алматы облысы мәдени және тарихи ескерткіштерге өте бай. Солардың бірі – ежелгі петроглифтер бедерленген Таңбалы шатқалы. Бұл – ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енген әлемдік деңгейдегі ескерткіш. Таңбалыдағы 3 мың жылдан астам уақыт бұрын тасқа қашалған бейнелер Орталық Азияда жасаған ежелгі өркениет ошақтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуде маңызды жәдігер саналады.
    Кейінгі жылдары елімізде эколо­гиялық туризм жақсы үрдіске айнала бастады. Бұл бағытта Алматы облы­сында туристерге өңір табиға­тына зиян келтірмей жақын танысуға көмектесетін экомаршруттар қарқын­ды дамып келеді. Мысалы, Іле-Алатауы сияқты ұлттық парктер жаяу экскурсиялар ұйымдастырып, тұмса табиғатпен етене байланысуға жағдай жасап отыр.
    Алматы облысына саяхаттауға әлемнің көптеген елдерінен, әсіресе көршілес Қытайдан туристер көп келеді. Қытаймен шектесетін Алматы облысы осыған байланысты Аспан­асты елінің туристерін көптеп тар­тудан үмітті. Бұған алғышарттар да жоқ емес. Атап айтсақ, биылғы жыл «Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы» деп жарияланса, 2025 жыл «Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы» болмақ. Осыған байланысты және былтыр екі ел арасында визасыз режим орнатылғанын ескерсек, алдағы уақытта Қытайдан елімізге, оның ішінде Алматы облысына келетін туристер саны айтарлықтай артады деген үміт бар. Алматы облысының құзыретті органдары да Қытай нарығына аймақтың туристік әлеуетін таныстыратын іс-шаралар жоспарын да дайындап, мүмкіндікті мүлт жібермей отыр.
    Таяуда Қытай астанасы Пекинде өткен «СОТТМ-2024» Қытай көшпелі туризм көрмесінде облыстың туристік әлеуетін паш етіп, Аспанасты елінен келетін туристер санын арттыруға мүмкіндік туды. 16-18 қазан күндері өткен көрмеге Алматы облысы да өз павильонын апарды. Қазақтың ұлттық тағамдары, қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдар мен туристік компаниялардың түрлі өнімдері қойылған павильон келушілердің назарын бірден өзіне аударды. Көрмеге облыс атынан қатысқан туристік компаниялар әртүрлі өнімдерін таныстырды. Қытайлық туристік ұйымдар облыс компанияларының ұсыныстарына үлкен қызығушылық танытты. Қазақстанның туристік компаниялары мен қытайлық әріптестері арасында 50-ден астам екіжақты кездесулер өткізіліп, ынтымақтастық туралы меморандумдар мен келісімдерге қол қойылды. Облыстағы ұйымдардың «COTTM-2024» көрмесіне қатысуына туризм басқармасы мен туристік ақпараттық орталығы күш салғанын айта кету керек.

    Ермек Жантохов,
    «YI GROUP» ЖШС директоры

    Ұсынымдар

    Орақ науқаны ойдағыдай

    Орақ науқаны ойдағыдай

    9 months ago
    Бес ұрпақ – бір таңдау

    Бес ұрпақ – бір таңдау

    8 months ago
    Жастардың санасын улайтын 3 мыңға жуық шетелдік сайт бұғатталды

    Жастардың санасын улайтын 3 мыңға жуық шетелдік сайт бұғатталды

    2 years ago
    Тәні саудың жаны сау

    Тәні саудың – жаны сау

    4 days ago
    Озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек – Президент

    Озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек – Президент

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.