-13 °c
Qonaev
Friday, May 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Үкімет шаруалардан астық сатып алмақ

    18.11.2024
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Елімізде астық жинау науқаны басталды

    Фото: ult.kz

    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Үкімет резервінен бөлінген қаражат есебінен 150 мың тонна астық сатып алу қарастырылып отыр. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде биылғы астықты өткізу мәселесін талқылау кезінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында Мемлекет басшысы нарықтағы бағаны ұстап тұру үшін Азық-түлік корпорациясы арқылы шаруалардан астық сатып алуды тапсырды. Осы тапсырманы орындау мақсатында бүгін корпорация астықты сатып алу бағасын жариялайды. Үкімет резервінен осы бағытта 10 млрд теңге бөлу жоспарланған. Бұл қаражаттың есебінен 150 мың тонна сатып алу қарастырылып отыр», – деді А. Сапаров.

    Оның айтуынша, тағы да астық сатып алу үшін қаражат бөлу мәселесі ертең Үкіметте қаралады.
    Сонымен қатар Мәжіліс депутаттары астық сатып алу бағасының құлдырауына байланысты жағдайды қалпына келтіру үшін не істеліп жатқанын сұрады.
    Өз кезегінде министр бұл жұмыстарға да Азық-түлік корпорациясы қатысатынын айтты.

    «Олар өздері талқылаған ірі келісімшарттарды орындау үшін қазірдің өзінде фермерлерден астық партияларын жинастырып жатыр. Қазір құны 20 млн доллар болатын 5 экспорттық келісімшарт жасалған. Астықты тасымалдау шығындарын субсидиялау ережелері таяуда қабылданады. Субсидиялаудың бұл түрі Қара теңіз, Балтық, Оңтүстік Шығыс Азия және басқа да порттарға астықты тасымалдау құнын төмендетеді. Бұл тұрғыда біздің астық Еуропа, Африка, Кавказ және басқа да перспективалы нарықтарда бәсекеге қабілетті болады. Ережелер жақын арада қабылданады. Барлық министрліктер келісті. Осы аптада біз бұл мәселелерді шешеміз», – деді ведомство басшысы.

    Еске салсақ, жақында Президент Үкіметке Азық-түлік корпорациясы арқылы шаруалардан астық сатып алуды тапсырды.

    Ұсынымдар

    Ел игілігіне берілді

    Ел игілігіне берілді

    4 weeks ago
    Газет бар жерде сауаттылық бар

    Газет бар жерде сауаттылық бар

    6 months ago
    5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Алматы облысының тарихы мен мәдениеті ұлықталды

    5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Алматы облысының тарихы мен мәдениеті ұлықталды

    8 months ago
    Есік көлі мен Асы – Түрген обсерваториясына апаратын жол уақытша жабылды

    Есік көлі мен Асы – Түрген обсерваториясына апаратын жол уақытша жабылды

    2 years ago
    Алматы облысында кемпірқосақ форелі  өсіріледі

    Алматы облысында кемпірқосақ форелі өсіріледі

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.