-13 °c
Qonaev
Sunday, August 31, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Үздік ұстаз

    30.11.2024
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Үздік ұстаз
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

            Жамбыл ­ауданы ­Қарғалы ауылындағы Әсет ­Бейсеуов атындағы орта мектептің физика пәні мұғалімі Бақытәлі Дәулетияр «Қазақстан мұғалімі – 2024» ұлттық сыйлығының жеңімпазы атанды. Ол еліміз бойынша үздік 10 ұстаздың қатарына кіріп, 1 миллион теңге иеленді және алда болатын «Әлем ұстаздары» байқауына қатысуға жолдама алды.

    Бақытәлі Дәулетиярұлы 2014 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің физика мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін үздік аяқтаған. Жоғары білімін жалғастырып, Сүлеймен ­Демирел университетінде физика және педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін иеленді. Еңбек жолын 2018 жылы Қарғалы ауылында Әсет Бейсеуов атындағы орта мектепте физика пәні мұғалімі болып бастап, содан бері осында қызмет етіп келеді.
    Ауыл мектебінің мұғалімі өзінің басты кәсіби ұстанымын – білім беруде жаңа технологияларды тиімді пайдаланып, оқушылардың қызығушылығын арттыру және өмірге қажетті дағдыларды дамыту деп санайды. Осы мақсатта STEAM әдістемесін, робототехника мен физиканы интеграциялауды тәжірибесінде кеңінен қолданады. Жетістіктерінің ішінде ерекше мақтан тұтатыны – оқушыларымен бірге жүзеге асырған «Биомеханикалық протез» жобасы. Бұл жобаға «Қазақстан мұғалімі» байқауы аясында мектепке сыйға берілген 3D принтері негіз болыпты.
    2021 жылы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілген «Тәуелсіздік ұрпақтары» республикалық байқауында Бақытәлі жеңімпаз атанып, Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолынан 3 миллион теңге грант алады. Әсет Бейсеуов атындағы мектепте робототехникалық бірде-бір құрал-жабдық жоқ еді. Осы грантты пайдалана отырып, Бақытәлі «Өнертапқыштар әлемі» атты кабинетті қажетті құралдармен жабдықтайды. Сөйтіп, оқушылар қалаған жобаларымен айналысуға мүмкіндік алады. Жас ұрпақ алдындағы өзінің жауапкершілігін жете сезінген ізденімпаз маман шығармашылық топ құрып, шәкірттерімен бірге көптеген жобаны сәтті жүзеге асырады.
    Бақытәлі Дәулетиярдың қол жеткізген кәсіби жетістіктері мен марапаттары ауыз толтырып айтарлық. Өткен жылы облыс әкімінің «Заңғар» жастар сыйлығының «Үздік жас ұстаз» номинациясы бойынша жеңімпазы атанды. Білікті ұстаз оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, теорияны практикамен байланыстыруға ерекше мән береді. Шәкірттері олимпиадаларға, ғылыми жобаларға белсене қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүр.
    Қоғам игілігі үшін білімді, рухани бай, жаңашыл ұрпақ тәрбиелеуді басты миссиям деп білетін Бақытәлі ­Дәулетиярұлының жасы 31-де, үйленген, үш баланың әкесі. Жұмыстан тыс уақытта спортпен шұғылданып, ММА жекпе-жегімен айналысқанды ұнатады.

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы агломерациясын дамыту жоспары таныстырылды

    Алматы агломерациясын дамыту жоспары таныстырылды

    2 years ago
    САЯБАҚҚА ЕСІМІ БЕРІЛДІ

    САЯБАҚҚА ЕСІМІ БЕРІЛДІ

    2 months ago
    Жылқы институтын құру – дұрыс шешім

    Жылқы институтын құру – дұрыс шешім

    8 months ago
    Жауапсыз іске жол берілмейді

    Жауапсыз іске жол берілмейді

    2 months ago
    АЛМАТЫ ЖӘНЕ ҚОНАЕВ

    АЛМАТЫ ЖӘНЕ ҚОНАЕВ

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>