Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында «AMANAT» партиясы бастаған «Қарызсыз қоғам» білім беру жобасының маңыздылығын атап өтіп, оны елдің барлық өңірлерінде кеңейтудің қажеттілігін айтты.
Биыл 28 қазаннан бастап Қонаев қаласында «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында оқыту басталды. Алғашқы курсқа қатысушылардың саны 40-тан асты. Оларға қаржылық сауаттылық бойынша семинарлар өткізіліп, құқықтық кеңес берілді.
Оқытудың соңғы аптасында Шеңгелдіде қорытынды семинар ұйымдастырылды. Қонаев қаласы бойынша жобаға 200 адам қатысып, арнайы сертификат иеленді.
Жалпы жобаның мақсаты – азаматтардың қарыздық ауыртпалығын жеңілдетіп, оларды қарызсыз өмір сүруге үйрету. Бұл бастама арқылы қарыз алушыларға қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша кеңестер беріліп, қаржылық жоспарлау әдістері үйретіледі.