Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізіліп жатқан өзгерістерге сәйкес, жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны (250.00 СЕН) ұсынуға келесі санаттар міндеттелетінін хабарлайды:
шетелде мүлкі бар Қазақстан Республикасының азаматтары мен резиденттері;
сайланбалы және мемлекеттік лауазымдарға кандидаттар;
банктің, бағалы қағаздар нарығының немесе сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушысы болуға ниетті тұлғалар;
жеке практикамен айналысатын тұлғалар;
декларацияны ерікті түрде тапсырғысы келетін азаматтар.
Шетелдегі декларациялауға жататын активтер:
жылжымайтын мүлік, көлік құралдары;
шетелдік компаниялардағы немесе тұрғын үй құрылысына қатысудағы үлестер;
шетелдік банктердегі шоттардағы қаражат, егер олардың сомасы 1000 АЕК-тен асатын болса;
бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары;
брокерлік шоттардағы қаражат;
интеллектуалдық меншік объектілері, авторлық құқықтар;
цифрлық активтер;
дебиторлық/кредиторлық берешектер;
инвестициялық және бағалы металдар;
құны 1000 АЕК-тен асатын мүлік (мысалы, антиквариат, сән-салтанат заттары).
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында және шетелде құны 20 000 АЕК-тен (2024 жылы бұл 73 840 000 теңге) асатын ірі сатып алулар жасаған тұлғаларға декларация тапсыру міндетін енгізу ұсынылады.
Маңызды: декларацияны ерікті түрде ұсынған кезде декларанттар 10 000 АЕК-тен аспайтын сомада қолма-қол ақшаны және басқа да активтер мен міндеттемелерді декларациялай алады, бұл кейіннен жеке тұлғаның шығындарын растауға негіз болады.
Егер азаматтардың қолма-қол ақшасы 10 000 АЕК-тен (2024 жылы бұл 36 920 000 теңге) асатын болса, бұл қаражатты 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін банктік шоттарға салу қажет.
Декларацияны қалай тапсыруға болады?
Декларацияны e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы, «Электрондық үкімет» (egov.kz) порталы немесе Салық төлеушінің кабинеті (cabinet.salyk.kz) арқылы тапсыруға болады.
Қосымша ақпарат пен консультация алу үшін Алматы облысы бойынша МКД ресми Instagram парақшасына жазылыңыз: @Almaty_Obl_Mkd.