-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл тынысы

    4 мың тұрғыны бар ауылға газ тартылды

    12.12.2024
    in Ауыл тынысы, Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Энергетика
    4 мың тұрғыны бар ауылға газ тартылды
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Жамбыл ауданында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында  4  мыңға жуық тұрғыны бар Ақтерек ауылына газ құбыры тартылып, іске қосылды. Газ құбырының ашылу салтанатына аудан әкімі Нұрлан Ертас пен «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Жакупов қатысты.

    Биыл аудандағы елді мекендерге газ құбырларын тартуға бюджеттен 6,2 млрд теңге бөлінді. Соның ішінде Ақтерек ауылын газдандыруға арналған жобаның құны 1 млрд 82 млн теңгені құрайды. Жобаны мердігер «Компания ГазСтрой» ЖШС жүзеге асырды.

    «Қазіргі уақытта 37 үйге газ қосылған. Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасып, ауылдың қалған үйлерін де көгілдір отынмен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Оның келуі тек тұрғындардың тұрмысын жақсартып қана қоймай, ауылдағы маңызды әлеуметтік нысандардың жұмысына да оң әсер етеді. Мектептер, дәрігерлік амбулатория, балабақшалар, мешіт және шаруа қожалықтарының қызмет көрсету жағдайлары айтарлықтай жақсарады. Бұл өз кезегінде ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін береді», – деп атап өтті аудан әкімі Нұрлан Ертас.

    Сондай-ақ, «AMANAT» партиясының “Жол картасына” сәйкес, 2027 жылға дейін өңірдің газдандыру деңгейін 70 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

    «Ауданда шешілуі тиіс мәселелерді тұрғындармен бірлесіп талқылап, олардың ұсыныс-тілектерін жинадық. Соның бірі – елді мекендерді газдандыру мәселесі болатын. «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында бүгін Ақтерек ауылына газ беріліп, тұрғындардың көптен күткен арманы орындалды. Бұл жұмыс мұнымен тоқтамайды. Алдағы уақытта басқа ауылдарға да газ құбырын тарту жоспарланып, облыстың газдандыру деңгейі 70 пайызға дейін артады», – деді Ерлан Жакупов.

    Айта кету керек, бүгінгі таңда Алматы облысында 1,18 млн адам газға қол жеткізген.

    «AMANAT» партиясы

    Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

    Ұсынымдар

    Алматы облысы әкімдігінде кадрлық ауыс-түйіс болды

    Алматы облысы әкімдігінде кадрлық ауыс-түйіс болды

    4 months ago
    Қарасаздан көне қалашық табылды

    Қарасаздан көне қалашық табылды

    9 months ago
    Шәкірт жеңісі – ұстаз жемісі

    Шәкірт жеңісі – ұстаз жемісі

    2 months ago
    Мектептегі тәрбие жұмысы бірізге түсірілмек

    Мектептегі тәрбие жұмысы бірізге түсірілмек

    2 years ago
    2025 жылдың басынан көпбалалы отбасылар мен наградталған аналарға қанша жәрдемақы төленді?

    2025 жылдың басынан көпбалалы отбасылар мен наградталған аналарға қанша жәрдемақы төленді?

    2 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>