☀️
2°C
Қонаев
Жұма, Наурыз 13, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Ауыл шаруашылығы

    Алматы облысында балық шаруашылығын дамытуға 5 ірі жоба іске асырылуда

    17.12.2024
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар, Өңір тынысы
    Алматы облысында балық шаруашылығын дамытуға 5 ірі жоба іске асырылуда
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

    Өңірде балық шаруашылығы саласын дамыту қарқын алып келеді. Балқаш-Алакөл бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары Ринат Құмашевтың мәліметінше, өңірде бес ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобалардың жалпы құны 1,8 миллиард теңгені құрап, жылына 3 660 тонна тауарлы балық өндіру жоспарланған.

    «Аталған жобалар ішкі нарықты сапалы балық өнімдерімен қамтамасыз етіп қана қоймай, экспортқа да шығаруға мүмкіндік береді.Жоспар жүзеге толықтай асса, 150 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде,”– деді инспекция өкілі.

    Қазіргі уақытта Алматы және Жетісу облыстарында 70 балық шаруашылығы жұмыс істеп тұр, оның 57-сі белсенді түрде өнім өндіруде. Жыл басынан бері өңірде 5200 тонна тауарлы балық өсірілсе, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 300 тоннаға артады.

    Мемлекет балық шаруашылығын дамытуға ерекше қолдау көрсетуде. Жаңадан іске қосылған шаруашылықтарға субсидия бөлініп, жем-шөп пен жабдықтарға кеткен шығындардың бір бөлігі өтелуде. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге 2,5% жеңілдікпен, 10 жылға дейін 5 миллиард теңгеге дейін несие алу мүмкіндігі ұсынылған.

    Брифингте қысқы балық аулау маусымының басталуына байланысты қауіпсіздік мәселелері де талқыланды. Қапшағай су қоймасы мен Балқаш көлінде балық аулау – табиғат аясындағы демалыстың танымал түрі. Дегенмен, мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтамау адам өміріне үлкен қауіп төндіреді.

    «Әрбір балықшы мұздың қалыңдығын тексеріп, құтқару құралдарын пайдалануы керек», – деді Ринат Құмашев.

    Сонымен қатар, мұз үстінде тұрмыстық қалдықтарды қалдырмау қажеттігі ескертілді. Заңбұзушылық анықталған жағдайда 37 мың теңге көлемінде айыппұл салынады деп қортындылады спикер.

    Соңғы жаңалықтар

    ОРК: азаматтардың өтініштері бойынша комиссиялардың шешімдеріне шағымдар түспеген
    13.03.2026
    Бүгін үгіт аяқталады: ОРК референдум алдындағы заң талаптарын еске салды
    13.03.2026
    ОРК: референдумға ұйымдастырушылық және кадрлық дайындық толық аяқталды
    13.03.2026
    КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ «ФИРМА БЕНТ» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
    13.03.2026
    КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ «ІЛЕ СУ» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
    13.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>