-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    «Асыл домбыра» иегері

    06.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Өңір тынысы, Руханият
    «Асыл домбыра» иегері
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

           «Аssyltas» қоры мен «Хабар» арнасы, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының ұйымдастыруымен өтіп келе жатқан республикалық «ASSYL DOMBYRA» ақындар айтысы биыл да жоғары деңгейде көрініс тапты. Дүбірлі додада әр облыс пен қалалардан келген 20 команда өнер көрсетті. Нәтижесінде Аят Жәнібек бастаған жерлестеріміз «ASSYL DOMBYRA» иегері атанып, бас жүлде 6 миллион теңгені қанжығасына байлады.

    Айтыс өнерін халық арасында кеңінен насихаттап, ұлттық дәстүрді жаңғыртуды мақсат еткен рухани шара ақындардың суырыпсалма қабілеттері мен шешендік өнерін шыңдау арқылы жастарды адамгершілікке, имандылыққа, патриоттыққа тәрбилеуді, олардың халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын арттыруды өз міндеті санайды. Осы орайда жоба жетістіктері мен жемісі де аз емес. Рухани байлықтың еселенуіне ерекше үлес қосылып, жастар арасында айтыс өнерінің айрықша жанданғанын байқауға болады.
    Жыр додасында түрлі халықаралық, республикалық айтыстарда өнер көрсеткен ақындар өз облысы атынан сынға түсті. Әр командада 3 ақыннан болып, барлығы 60 ақын өнерлерін ортаға салды. Аят Жәнібектің командасы тақырыпты аша білу тартымдылығымен, дәстүрлі айтыс мақамын үйлестіру шеберлігімен, әдеби тіл байлығының әрлілігімен қазылар алқасының әділ шешімін алып, «ASSYL DOMBYRA» иегері атанды.
    Аят Жәнібек Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің магистратурасын тәмамдап, Райымбек ауданы Көксай орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып шәкірттеріне үздік білім беруде. Жастайынан қолына домбыра алып, түрлі жыр-термелерді жаттап, айтыс өнеріне айрықша аңсары ауған азамат бүгінде Райымбек аудандық Көдек Байшығанұлы атындағы айтыс және жыр терме мектебінің көркемдік жетекшісі. Домбыраға қызыққан ұл-қыздарды ұлттық өнерге тәрбиелеу жолында үлкен іс атқаруда. Шәкірттері де талай шыңды бағындырып, түрлі байқаулардың бас бәйгесінен көрінген. Аудандық, облыстық, республикалық айтыстарға қатысып. жүлделі орындарға көтерілген балаларды ұстазының жеңісі одан сайын жігерлендіре түсті.
    Айтыс ақындары мен жыршы термешілер одағының мүшесі Аят Жәнібекке шығармашылық табыс тілеп, «ASSYL DOMBYRA» иегері атануымен құттықтаймыз. Талай асқар асуларды бағындырып, айтыс өнеріне қосқан тамшыдай үлесі үлкен жетістіктерге жетелей берсін дейміз.

    Құралбек СӘБИТОВ

    Ұсынымдар

    Асы жайлауындағы овсерватория маңынан 30 тоннаға жуық қоқыс шығарылды

    Асы жайлауындағы обсерватория маңынан 30 тоннаға жуық қоқыс шығарылды

    2 years ago
    Адал қызмет етуге ант берді

    Адал қызмет етуге ант берді

    2 years ago
    Есікте 1500 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді

    Есікте 1500 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді

    2 years ago
    Тұмаумен сырқаттанғандар 36 пайызға азайған

     Маусымдық тұмау: қауіпті қалай азайтуға болады?

    5 months ago
    Ауылды аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекіді

    Ауылды аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекіді

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.