-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    БАЛАЛАР ШАТТЫҚҚА БӨЛЕНДІ

    25.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Қоғам
    БАЛАЛАР ШАТТЫҚҚА БӨЛЕНДІ
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

         Облыстың дарынды, озат, шығармашыл және тағы басқа санаттағы балалар Қонаев қала­­лық орта мектеп-­гим­на­зиясында өткен Пре­зидент шырша­сын­да бас қосты.

    «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекелік шараға облыс әкімі  Марат Сұлтанғазиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Монте-Карлодағы беделді халықаралық фестивальдің жүлдегері және АҚШ-тағы джаз орындаушылар қауымдастығы­ның мүшесі, скрипкашы Жәмила Серкебаева, Спорт және туризм акаде­­мия­сының 1-курс студенті, джиу-­джитсу күресінен 8 дүркін, грэп­плингтен 3 мәрте әлем чемпионы, самбо­дан әлем чемпионатының қола жүлдегері, Алматы облысының «Заңғар – 2023» жастар сыйлығының «Үздік спортшы» номинациясының, «Дарын – 2023» жастар сыйлығының жеңімпазы Жібек Құлымбетова құрметті қонақ ретінде қатысты.
    Салтанатты шара театрландырыл­ған, ән-би хореографиялық қойы­лымдармен басталды. Балалар ән шырқап, би билесе, Алдар көсе, Мауи, құбыжық пен ұлу ортаға шығып, көпшіліктің көңілін көтеріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
    Сәнді киініп, түрлі аңдар мен ертегі және мультфильм кейіпкерлерінің кейпіне енген әр ауданнан келген балдырғандар Аяз ата мен Ақшақарды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алып, өздерінің де өнерден құралақан еместіктерін байқатып, бал тілдерімен шырқалған әндерге қосылып, дөңге­лене би билеп, ерекше бір сезімге бөленді. Сонымен қатар қонақкәде рәсімін жасаған скрипкашы Жәмила Серкебаева сиқырлы аспабының үні­мен жиналған қауымды бір сәт өзіне баурап алды.

    Сән-салтанаты келіскен думанды тойда балаларды Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаған Марат Елеусізұлы олардың ата-аналарын үнемі қуантып, ұстаздарын әрдайым тыңдап, сабақты жақсы оқып, зерделі де зерек, білімді де білікті болып, болашақта ел мақтанышына айналуларына тілектестігін білдірді. Шырша тойына қатысушы балаларға Қазақстан Республикасы Президентінің атынан 120 000 мың теңгенің серти­фикатын табыстап, дорба толы тәтті­лерді үлестірген сәті мерейлі мере­кенің ажарын айшықтай түсті.
    Аймақ басшысының қолынан сыйлық алып, қуанышқа бөленген балалар атынан сөз алған Талғар қаласындағы М. Әуезов атындағы №5 мектептің 6-сынып оқушысы Ханшайым Жолжақсын мен Өтеген батыр кентіндегі №38 мектеп-гим­назиясының 5-сынып оқушысы Шейрхан Хамитұлы ел Президенті мен облыс басшысына алғысын білдірді.
    Қонаев қаласында да Жаңа жылға арналған мерекелік шырша жағылды.Мерекенің алауына айналған шырша жағу салтанатына 1-14 жас аралығындағы оқу озаттары мен қамқорлықты қажат ететін балалар қатысты. Жаңа жыл кешінде «Ақшақарға айналған Күлше қыз» қойылымы көрсетіліп, түрлі би композициялары қойылды. Сонымен қатар жылдағы дәстүрмен ортаға Аяз ата келіп, балақайлар тақпақ оқып, қала әкімінің сыйлығына ие болды. Мерекелік кеште 238 бала сыйлықпен қамтылса, оның 105-і салтанатты шараға шақырту алған. 1-4-сынып оқушыларына телефон мен тәттілер толы қорап берілсе, 5-сыныптан жоғары оқитындарға 50 мың теңге сертификат табысталды.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Алматы облысында Республика күніне орай 170-тен астам іс-шара өткізіледі

    Алматы облысында Республика күніне орай 170-тен астам іс-шара өткізіледі

    8 months ago
    Ірі жоба жүзеге асады

    Ірі жоба жүзеге асады

    2 months ago
    АҚЫНЫ БАР ЕЛ БАҚЫТТЫ

    АҚЫНЫ БАР ЕЛ БАҚЫТТЫ

    7 months ago
    Ғасыр жасаған кейуана

    Ғасыр жасаған кейуана

    9 months ago
    Жамбылдықтармен жүздесті

    Жамбылдықтармен жүздесті

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.