-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Боз кілемде белдесті

    14.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Боз кілемде белдесті
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Кеген ауданында халықаралық және республикалық ірі жарыстардың жеңімпаздары Азамат Дүмбіров пен Бекжан Мырзалиевтің құрметіне жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен облыстық ашық турнир өтті. Жарысқа Алматы облысының аудандары мен қалаларынан, сондай-ақ көршілес Қырғызстаннан спортшылар келді. 2011-2012, 2013-2014 жылдары туған жасөспірім спортшылар 11 салмақ дәрежесінде (23 кг-нан жоғары 45 кг-ға дейін) белдесті.
    Жарыстың салтанатты ашылуында Париж Олимпиадасыының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев пен Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев құттықтау сөз сөйледі. Ал, жас спортшылар спорт саласындағы бой түзейтін ағаларын өз көзімен көргендеріне разы болды.
    «Салауатты өмір салтын қалыптастырып, ұлт денсаулығын нығайтудағы басты міндет – балаларды жүйелі дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға барынша көп тарту. Түрлі жарыстардың өткізілуінің арқасында спорттың әр түрімен айналысуға талпынған балалар көбейіп, олардың спорттық өмірі жақсарып келеді. Бұл жас спортшылар үлкен спорт әлеміне алғашқы қадамдарын жасауда. Жақында Демеу Жадыраев, Азамат Дүмбіров, Бекжан Мырзалиев сынды чемпиондар шығады деп сенеміз. Ал, дүбірлі додаға тіпті көршілес Қырғызстаннан да балуандар келді. Халықаралық аренада еліміздің абыройын асқақтату үшін спорт секцияларына ата-аналар балаларын жіберсе деймін», – дейді Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев.
    “Спортшыларға жеңіс әкелетін қасиет – еңбекқорлық. Жоғары дайындық пен ынта-жігер болса алынбайтын қамал жоқ. Бала кезімде олимпиада чемпиондары мен басқа да атақты спортшыларға қарап, солар сияқты болуға ұмтылатынмын. Балалардың бізге солай қарайтынына қуаныштымын, үлгі болып, осында болғаныма да дән ризамын” – деді 2024 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері Демеу Жадыраев.
    Жарысқа барлығы 16 команда мен 350-ден аса балуан қатысты. Екі күнге созылған жарыстың нәтижесінде өз салмақ дәрежелерінде Талғар өңірінен Қуаныш Нұрасыл, Дәулет Ернұр, Талғат Нұрәлім және Мейрамбек Мансұр жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, Кеген аудандық спорт мектебінің тәрбиеленушілері Байқұрман Рамазан мен Бакиқожа Ибрагим, Орынбай Мейіржан (Қарасай ауданы); Қырғызстаннан Бейшебаев Сұлтан; Ким Роллан (Алматы) үздік деп танылды.

    Ұсынымдар

    Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу барысында негізсіз бас тарту фактілерін анықтау және құқықтарды қалпына келтіру

    Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу барысында негізсіз бас тарту фактілерін анықтау және құқықтарды қалпына келтіру

    6 months ago
    Сала жетістіктері сараланды

    Сала жетістіктері сараланды

    6 months ago
    Қонаевта Наурыз мерекесін тойлады

    Қонаевта Наурыз мерекесін тойлады

    2 years ago
    Қалдықты энергияға айналдыру: жаңа зауыт Алматы облысының болашағын қалай өзгертеді?

    Қалдықты энергияға айналдыру: жаңа зауыт Алматы облысының болашағын қалай өзгертеді?

    7 months ago
    Президент: Алдағы жылдары ауылды дамытуға күш саламыз

    Президент: Алдағы жылдары ауылды дамытуға күш саламыз

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.