-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Энергетиктер еңбегі еленді

    20.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Энергетика
    Энергетиктер еңбегі еленді
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

    Облысымыздағы барлық нысан мен тұрғын үйлердің жылу, жарықпен қамтылуына күш салып жүрген азаматтар кәсіби мереке қарсаңында марапатталды. Энергетиктер күніне орай өткен салтанатты шарада облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев сала мамандарын құттықтап,  мемлекеттік наградаларды табыс етті.

    – Энергетика – экономиканың тірегі, дамудың қозғаушы күші, күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:  «Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты міндеттің бірі. Қазақстанда энергияны тұтыну қарқыны жылдан жылға артып келеді. Бірақ іске қосылып жатқан жаңа қуат көздері оған сай емес. Сұраныстан артық өндірілген электр қуаты таяу арада сарқылуы мүмкін. Шын мәнінде, еліміздің дамуы энергетика саласының тұрақтылығына тікелей байланысты», – деген еді.

    Облыс экономикасын қарқынды дамыту үшін де энергетика маңызды. Облыс орталығы Қонаев қаласының тарихы да осы энергетика саласымен тығыз байланысты. Бүгінде өңірдегі электр қуатын арттыруға бағытталған ауқымды жобалар қолға алынуда. Бұл қадам аймақтың жан-жақты өркендеуіне оң  әсерін тигізеді. Сіздер осы жолда аянбай тер төгіп, қоғамға қызмет етудің нағыз үлгісін көрсетіп келесіздер. Қиын да жауапты салада атқарып жатқан еңбектеріңіз ерекше құрметке лайық. Әсіресе, ауа райының қолайсыздығына, тәуліктің кез келген мезгіліне қарамастан, халық игілігі үшін еңбек етіп жүргендеріңіз үшін ризашылығымыз шексіз, – деді  Марат Елеусізұлы  өз сөзінде.

    Салтанатты рәсім барысында ҚР Мемлекет басшысының Жарлығымен  жерлестеріміз Шамиль Гумаров, Руслан Бейсенбаев «Құрмет» орденімен марапатталса, Асхат Джамаров, Айтмұханбет Мырзағалиев, Ержан  Шаймерденов сынды сала үздіктеріне «Ерен еңбегі үшін» медалі берілді. Энергетика саласында елеулі еңбек етіп келе жатқан бірқатар маманға ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің «Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медалі, «Құрметті энергетик» төсбелгісі, «Құрмет» грамотасы мен Алғыс хаты табыс етілді. Өңір тұғындарын жылу және жарықпен қамтамасыз етуде қалтқысыз еңбек еткен қызметкерлер облыс әкімінің  Құрмет грамотасы мен  Алғыс хатына  ие болды.

    Энергетика саласында атқарылған істерді айта кетер болсақ, кейінгі 6 жылда облыста қуаты 300 мегаваттан асатын 15 жаңартылған энергия көзі салынған. Алдағы екі жылда қуаты 130 мегаватт 18 жоба іске асырылмақ. Энергетика саласы – инвестиция үшін перспективалы саналады. Осы бағытта да ауқымды істер атқарылуда.

    Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    Алматы облысында тұрғындар жер телімін әділ бағалауды сұрайды

    Алматы облысында тұрғындар жер телімін әділ бағалауды сұрайды

    2 years ago
    Қонаевта биыл жасөспірімдер арасында суицид тіркелмеді

    Қонаевта биыл жасөспірімдер арасында суицид тіркелмеді

    7 months ago
    Алатаудың дүлдүлі

    Алатаудың дүлдүлі

    6 months ago
    Бақыттың кілті еңбекте

    Бақыттың кілті еңбекте

    10 months ago
    Терроризмге қарсы комиссияның отырысы өтті

    Ескеретін жайлар баршылық. Облыс әкімінің Кеген ауданы тұрғындарымен кездесуі қалай өтті?

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.