-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл тынысы

    Еселі еңбек жемісі

    11.12.2024
    in Ауыл тынысы, Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Еселі еңбек жемісі
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

         Райымбек ауданының ауыл шаруашылығы саласы биыл толайым табыспен қорытындыланып отыр. Бұған ауданның мал мен егін шаруашылығы саласындағы өндірілген өнім көлемі айқын дәлел бола алады.

    Аудан бойынша егістік жер көлемі 40193 гектар болса, биыл көктемде бұл жердің 12422 гектарына дәнді дақыл себілді. Оның 2106 гектары күздік бидайдың, 5711 гектары жаздық бидайдың үлесінде. Ал 4605 гектар алқап жаздық арпаға тиесілі. Осы аталған алқаптарға егілген дәнді дақылдан алынған өнім көңіл қуантарлық нәтиже көрсетті. Атап айтқанда, әр гектарға шаққандағы түсім 20 центнерден айналып, қамбаға 25484 тонна алтын дән жиналды. Сонымен қатар 2500 гектар алқапқа себілген таулы өңірдің дарқан дақылы – картоптың да көлемі әр гектарына 219 центнерден өнім беріп, өткен жылмен салыстырғанда жоғары болды. Сөйтіп, егінжай алқаптарындағы ерте көктемнен басталған науқандық жұмыс диқан қауымының табан ет маңдай терінің ақталуына жол ашып отырған жайы бар.
    Өрісі мен қонысын төрт түлігі билейтін малшы қауымның да жетістігі ауыз толтырып айтуға тұрарлық. Алдындағы малын өз төлі есебінен көбейтуді тұрақты жолға қойған малсақ жандар жаз жайлауын тиімді пайдаланып, қыстауға қоңды күйінде апарды. Биыл ірі қара малын асылдандыруға 90 шаруа қожалығы қатысып, 2250 аналық басқа селекциялық жұмыс жүргізілді. Биылғы қаңтар-желтоқсан айлары аралығында шаруа қожалықтары 703 млн теңгеге 50 бірлік трактор, 30 бірлік агрегат, барлығы 80 ауылшаруашылық техникаларын сатып алуға қол жеткізді. Әрине, ауыл шаруашылығының жетістігі бұл көрсеткішпен шектеліп қалмайтыны аян.
    Міне, осындай еселі еңбек иелері аудандық Мәдениет үйінде өткен салтанатты шарада марапатталды. Жиында алғашқы сөз алған аудан әкімі Берік Дүйсенбаев қарапайым еңбек адамдары ең жоғарғы құрмет пен қошеметке лайық екенін атап өтті. Олардың Отанымыздың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы табанды, адал және өлшеусіз еңбегіне шынайы алғысын білдірді.
    Бұдан кейін өз жұмысын адал және кәсіби түрде атқарып, өңір дамуына қосқан үлесі үшін ауыл шаруашылығы саласының бір топ еңбеккерлері ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, облыс әкімінің, Райымбек ауданы әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапатталып, заттай сыйлықтар тарту етілді.
    Салтанатты шара барысында «Ерік» шаруа қожалығының төрағасы Мұрат Малдыбаев, Шалкөде ауылдық округінің мал дәрігері Еркебұлан Оразақынов шаруаларға ізгі тілегін жеткізіп, істеріне толайым табыс тіледі. Б. Мұқай атындағы аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары ән-жырдан шашу шашты.
    Бұл күні Мәдениет үйі алдында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Шаруа қожалықтары ет, картоп, сәбіз, сүт, сары май, құрт, ірімшік, бал, балық сияқты өнімдерін тұтынушыларға базардағыдан төмен бағада ұсынды. Бұдан басқа да саудаланған көкөністер мен азық-түліктер тұтынушы талғамынан шығып жатты.

    Жұмабек ТҰРДИЕВ

    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    Үлкен Алматы айналма автожолы ашылды

    Үлкен Алматы айналма автожолы ашылды

    2 years ago
    “Таза Қазақстанға” жеке компаниялар да атсалысуда

    Колледжде шыңдалған кәсіп иелері

    1 year ago
    Алмаы облысындағы пәндер олимпиадасынақатысып, жеңімпаз атанған оқушыларды марапаттау салтанаты. 20 ақпан 2023 жыл.

    74 оқушы республикалық олимпиадаға жолдама алды

    2 years ago
    Алматы облысында ауызсу тартуға 27 млрд теңге қарастырылған

    Алматы облысында ауызсу тартуға 27 млрд теңге қарастырылған

    2 years ago
    Заманауи кешен бой көтеруде

    Заманауи кешен бой көтеруде

    3 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.