-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫНА ҚҰРМЕТ

    23.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мәслихат
    ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫНА ҚҰРМЕТ
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Жамбыл аудандық мәслихатының кезекті ХХVІ сессиясы өтті. Оған облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғожаев, аудан әкімі Нұрлан Ертас, бөлім басшылары мен ауыл әкімдері қатысты. Жиынды жергілікті мәслихат төрағасы Мадияр Әмірғалиев жүргізді.

    Сессия отырысында екі мәселе қаралды. Алғашқысы бойынша аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жақсылық  Қарымбаев сөз алып, шығып қалған депутаттың орнына өткізілген сайлау қорытындысын хабарлады. Соған сәйкес мәслихат депутаттығына «AMANAT» партиясынан ұсынылып, көпшілік дауыспен сайланған Паша Чумаевқа депутат мандаты тапсырылды. Екінші мәселе ретінде ауданда бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлемесін төмендету жайы қаралып, алдын ала депутаттарға таратылып берілген жоба бойынша тиісті шешім қабылданды.

    Одан кейін облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғожаев сөз алып, Қазақстан мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына байланысты депутаттарды құттықтап, оларға жүктелген жауапкершілік, ел дамуында мәслихаттың алар орны жайында әңгімеледі. Мәслихаттардың қалыптасуы мен дамуы халық өкілдері мен жергілікті билік органдарының арасындағы тығыз байланысты нығайтып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өрлеуіне үлкен үлес қосқанын айтты. Мәслихаттар елдегі демократиялық процестердің негізін қалаушы орган ретінде құрылған. 1993 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» Заңы жергілікті мемлекеттік органдардың жаңа құрылымын анықтап, мәслихаттардың функцияларын бекітті. Ал 1994 жылғы 7 наурызда өткен алғашқы мәслихат сайлауы елдің саяси өміріндегі маңызды қадам болды. Бұл сайлау жаңа саяси мәдениетті қалыптастырып, қоғамдық-саяси белсенділікті арттырды.

    Сессияда сөз алған аудан әкімі Нұрлан Ертас жергілікті өкілді орган жұмысының маңыздылығына тоқталды. Жамбыл ауданында 30 жыл ішінде 8 шақырылым болып, соның ішінде 133 мәслихат депутаты сайланды. Олар жергілікті басқаруды демократияландыруға, азаматтық қоғамды дамытуға және мемлекеттік органдар мен халық арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған шешімдер қабылдай отырып, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге үлкен үлес қосты. Өткен жылғы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауы жаңа аралас жүйе бойынша ұйымдастырылып, қазіргі уақытта аудан мәслихатының 8-шақырылымының 20 депутаты өз өкілеттіктерін белсенді атқарып келеді. Мәслихатта 4 тұрақты комиссия және «AMANAT», Қазақстан халық партиясы, «АУЫЛ» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының депутаттық фракциялары және өзін-өзі ұсынған бір мандатты депутат жұмыс атқарады. Осы уақытқа дейін аудандық мәслихат 25 сессия өткізді.

    Депутаттар қоғамдық қабылдауларда тұрғындардың өтінішін тыңдап, шешуге ықпал етеді. Осы уақытқа дейін аудандық мәслихаттан 84 депутаттық сауал жолданып, көптеген мәселе шешімін тапты. Жергілікті билік пен мәслихаттар бірлесе отырып, еліміздің әлеуметтік және экономикалық дамуына үлес қосуда. Жиынға қатысушылар осы жылдар ішінде атқарылған істерді жалғастыра отырып, ел игілігі үшін алдағы уақытта да бірлесе жұмыс істейтініне сенім білдірді.

    Қуат Сұлтанұлы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқандарға шынайы алғысын жеткізді. Жергілікті өкілді органдардың қалыптасып, нығаюына, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі мен белсенді депутаттық қызметі үшін бірқатар азаматқа «Қазақстан мәслихаттарына – 30 жыл» мерекелік медалін, ҚР Парламенті Сенатының Құрмет Грамотасы, Алғыс хатын, облыстық мәслихаттың Құрмет грамотасын тапсырды.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ,

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    «Алтын адам» мәреге жетті

    «Алтын адам» мәреге жетті

    1 year ago
    Жастарға жол ашатын ұлттық жоба

    Жастарға жол ашатын ұлттық жоба

    1 year ago
    Алматы облысында оқушылардың 92 пайызы жазғы демалыспен қамтылады

    Алматы облысында оқушылардың 92 пайызы жазғы демалыспен қамтылады

    2 weeks ago
    Министрлік лагерь сөзін өзгертуді пысықтап жатыр

    Министрлік лагерь сөзін өзгертуді пысықтап жатыр

    2 years ago
    Қонаев қаласы мәслихатының төрағасы сайланды

    Қонаев қаласы мәслихатының төрағасы сайланды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.