-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Президенттік көпсайыстан бақ сынады

    05.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Президенттік көпсайыстан бақ сынады
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Алматы облысында Президенттік көпсайыс чемпионатыны өз мәресіне жетті. Сайыста Алматы облысының аудандық және қалалық жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен спорт мектебінің тәрбиеленушілері бақ сынады. Жарысқа 2006-2008, 2009-2010, 2011-2012, 2013 жылы туған барлығы 100-ден аса спортшы қатысты.
    Жас топтарына сәйкес қатысушылар қысқа қашықтықтарға – 30 метр (12 жасқа дейін), 60 метр (13-14 жас және 15-16 жас), 100 метрге (17-19 жас) жүгірді. Сайыс бағдарламасына ұзындыққа секіру және күш гимнастикасы (қыздар мен әйелдер үшін жатып тұрып денені көтеру, ал жігіттер үшін тартылу) кірді.
    «Президенттік сайыс  төзімділікті, жылдамдықты, икемділікті және шеберлікті ортаға салатын алаң қалыптастырады. Жарысқа кіретін түрлі жаттығулар шымырлыққа баулиды. Спорттың бұл түрі арқылы кез келген адамның дене дайындығын объективті түрде бағалауға болады. Бұл чемпионат жыл сайын жаппай спорт пен денсаулықты сақтау мәдениетін насихаттау, халықтың денсаулығын нығайтуға және белсенді спортпен айналысуға деген мотивацияны арттыру, сондай-ақ әр түрлі жас топтарының физикалық дайындығын анықтау мақсатында өткізіледі. Ал, президенттік сынақты кез келген жастағы адам тапсыра алады. Секіру, отырып-тұру, жүгіру сынды кешенді жаттығуларды кім болса да тапсыра алатыны сөзсіз», – дейді Алматы облысы қысқы спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі директорының орынбасары Ренат Сүгірбеков.
    Екі күндік сайыс нәтижесінде ең көп чемпиондар мен жүлдегерлер Талғар ауданынан шықты. Олар 8 алтын, 7 күміс және 5 қола медаль жеңіп алып, командалық есепте 1-орынға шықты. Қыздар арасында өз жас топтарында Несмачных Ульяна, Жәнібек Аружан, Ренатқызы Аяулым, Ниязова Мариетта, Цай Екатерина, Аманбай Мерей, Несмачных Эвелина, Мажидова Жасмин және Найзабекова Индира жүлдегер атанды.
    Жігіттер арасында Ерден Азамат, Айнұр Ислам, Ержанұлы Нұрәлі, Мухтар Мухаммедали, Маликов Кирилл, Абдрашев Нұрәли, Асылбек Диас, Мәлік Данабек, Бобряшев Максим, Ерсін Ертіс, Ферзалиев Богдан үздік шықты.

    Ұсынымдар

    Экологиялық акция жалғасын тапты

    Экологиялық акция жалғасын тапты

    1 year ago
    Алматы облысында терроризмге қарсы жаттығу өткізіледі

    Алматы облысында терроризмге қарсы жаттығу өткізіледі

    1 year ago
    Алматы облысында 9 мектеп пайдалануға берілді

    Алматы облысында 9 мектеп пайдалануға берілді

    2 years ago
    Жол азабын жүрген білер

    Жол азабын жүрген білер

    2 months ago
    Вице-министр: Қазақстанда саяхаттайтын туристер саны артып келеді

    Вице-министр: Қазақстанда саяхаттайтын туристер саны артып келеді

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.