-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қолына қыран қондырған

    06.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Руханият
    Қолына қыран қондырған
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

           Қазақ даласы – құсбегіліктің отаны. Біздің халық әлем этнографиясына қандай үлес қосты дегенге тоқталсақ, осынау бекзат өнерді айтар едік. Өйткені көк аспанда еркін самғаған қыран құсты қолға үйретіп, аңшылық кәсіпке баулыған һәм оны классикалық түрде жетілдірген бабаларымыз болатын.

    Бүгінде сол бағалы өнерді өзіне серік етіп келе жатқан жандар арамызда аз емес. Солардың бірі – Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылының тұрғыны Бекнияз Қуанышбаев. Ол жеті жылдан бері түз тағысын қолға үйретіп келеді. Оның айтуынша, бүркіттің болмысын түсіну оңай емес. Қыран құсты қалай баптауды, қолға қондыру мен ұшыруды, ат үстінде алып жүруді балапан кезінен машықтандыру керек. Ал 3-4 жасқа толған қыранды қолға үйрету қиын. Қыран құсты аңға салудың да өз жолы бар.
    – Бүркітті алғаш рет шырғаға, содан кейін ғана аңға салған жөн. Ол үшін алдымен түлкі не қарсақты інінен аулап алып, жас, тəжірибесіз бүркітті зақымдап алмау үшін жемтігінің аузын байлап қоямыз. Қыран құс жемтігін алған сəтте бірден етін жылыдай жегізу керек. Абай атамыздың «Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап» деп айтқанындай, бабындағы құс қасқырды да, түлкіні де алатынына көз жеткіздім, – дейді Бекнияз Қуанышбаев.
    Айтулы құсбегіге айналған жерлесіміз сан мәрте республикалық турнирлерде топ жарып, қанжығасын майлап үлгерді. Айталық, ол 2021 жылы саятшылық өнердің саңлағы Мәсіп Батырханұлы атындағы дәстүрлі халықаралық құсбегілер сайысында топ жарды. Жерлесіміз жеңіс тұғырынан көрінген турнирге Қытай, Монғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Венгрия елдерінен келген 60-тан астам бүркітші қатысқан еді. Қысқасы, ол бүгінге дейін талай сонарда үздіктердің қатарынан табылды. Ұлтымыздың бекзада өнерін жаңғыртуға зор үлес қосып жүр.
    Бүгінде елімізде ұмытылып бара жатқан құсбегілік өнерді қайтадан жандандырып, жаңа белеске шығару қолға алынды. Сонымен қатар саятшылық пен құсбегілікті насихаттау үшін облыстарда арнайы федерациялар жұмыс істеп жатыр. Ел ішінде батылдық танытып, аң-құсқа бүркіт салып жүрген жастарымыз да көбейіп келеді. Оларға Бекнияз Қуанышбаевтың жетістіктері жарқын үлгі болмақ.

    Елнұр Демеуов,
    Түрген ауылдық округі әкімдігінің
    жастар ісі бойынша әдіскер-нұсқаушысы
    Еңбекшіқазқ ауданы

    Ұсынымдар

    Кимешекті кие тұтқан

    Кимешекті кие тұтқан

    3 months ago
    Сайлауға “барыс” келді

    Сайлауға “барыс” келді

    2 years ago
    Қазақстан Халық партиясы Парламентке баратын депутаттарын бекітті

    Қазақстан Халық партиясы Парламентке баратын депутаттарын бекітті

    2 years ago
    Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

    Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

    2 years ago
    Әскери техникалар мұражайы ашылды

    Әскери техникалар мұражайы ашылды

    12 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.