-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қос қуаныш

    18.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Инфрақұрылым
    Қос қуаныш
    0
    SHARES
    12
    VIEWS

        Тәуелсіздік мерекесінде Қарасай ауданында қос қуаныш орын алды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында бой көтерген екі бірдей білім шаңырағы пайдалануға берілді. Қаскелең қаласында салынған жаңа мектептің ашылу рәсіміне облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев, Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов, Сүлеймен Демирел  университетінің ректоры Әлімжан Игенбаев қатысты.

    Салтанатты шарада сөз сөйлеген облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Мемлекет басшысының тапсырмасымен үшауысымды және апатты мектептерді жою үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге аса бастағанын айта келіп,  ұстаздар мен оқушыларды  және ата-аналарды жаңа білім шаңырағының  ашылуымен құттықтады.

    • Бүгіндері өскелең ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуы үшін барлық жағдай жасалуда, – деді ол сөзін сабақтап. – Соның дәлелі ретінде бүгін ұлттық жоба аясында алтыншы мектеп қолданысқа берілгелі тұр. Бұл жоба бойынша облысымызда жеті мектеп пайдалануға берілсе, оның алтауы Қарасай ауданына тиесілі.

    Қарасай ауданы – күн санап тұрғындар қатары артып келе жатқан өлке болғандықтан, мектеп ғимараттарын осында салуды жоспарлаған едік. Бұл құрылыстың аяқталуымен аудандағы үшауысымды мектеп мәселесі толығымен шешілмек.

    Мұның сыртында өлкемізде жеке инвесторлардың көмегімен 4 мектеп, жергілікті бюджет қаржысына тағы 2 мектеп салынатын болады.

    Бүгінгі пайдалануға берілген 1500 орынды мектептің тағы бір ерекшелігі – еліміздегі ең таңдаулы жоғары оқу орындарының бірінен саналатын Сүлейман Демирел университетінің жанында орналасуы дер едім. Бүгіндері осы университеттің ұжымымен бірлесе білім беру жоспарланған. Университет мектеппен ынтымақтастықта жұмыс жасайтын болады. Бұл республикалық рейтингте алғашқы орындардан көрініп келе жатқан білім беру саласы одан да жоғары нәтижелерге жетеді деп сенемін.

    Сөзінің соңында Марат Елеусізұлы мектепті салуда ерекше еңбегімен көрінген бірнеше құрылысшыны облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.

    Осыдан кейін сөз алған «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы Мәулен Зарлықұлы жоба бойынша 22 айда салынуға  тиісті мектеп құрылысының 11 айда салынып біткенін айта келіп, жалпы елімізде бой көтеріп жатқан мұндай мектептер әлемнің өзге елдерінде жоқ екенін мәлімдеген.  Білім ғимараты көлемінің үлкендігімен қатар, оқу кабинеттерінің жабдықталуы, спорт залдары мен  асхана, кітапханасының жайлылығымен  де ерекшеленіп тұр. Осы жоба бойынша салынған мектептерде оқу озаттарының саны артып келе жатқанын тілге тиек еткен ол бұл білім шаңырағы да болашақ  дарындарды даярлап шығатынына сенім білдірді.

    Ал Сүлеймен Демирел  университетінің ректоры Әлімжан Бекжанұлы мектеп құрылысы басталысымен облыс басшылығымен, білім саласының жетекшілерімен бірлесе жұмыс жүргізу жайында келісім жасалғанын айта келіп, алдағы уақытта университеттің оқытушы-профессорлық құрамы академиялық қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

    Салтанатты шараның соңында мектеп құрылысын жүргізген «BI Global» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылыс басшысы Айтбай Калымбайұлы жаңа білім шаңырағының директоры міндетін атқарушы Айбек  Досымбековке мектептің кілтін табыс етті.

    Витебскідегі «Славян базары» халықаралық балалар музыкалық байқауының 2023 жылғы Гран-при жүлдегері Шерхан Арыстан болса әуелете ән шырқап, жұртшылық қуанышын еселей түсті.

    *  *   *

    Осы күні Қарасай ауданына қарасты Кемертоған ауылында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында салынған 1500 оқушыға арналған  мектеп пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов, облыстың құрметті азаматтары, ұлағатты ұстаздар мен ата-аналар қатысты.

    Жиын барысында  Марат Елеусізұлы мен Мәулен Зарлықұлы құттықтау сөз сөйлесе, ұлағатты ұстаз, «Асыл ана» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Қарасай ауданының Құрметті азаматы  Ұлтусын Бархинова осынау іргелі істің басында тұрған, жүзеге асуына өз үлестерін қосып жүрген азаматтарға алғысын жеткізді. Соңынан «BI Urban Construction» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жоба жетекшісі Қанат Нұрымов мектеп директорының міндетін атқарушы Дәурен Саусақбаевқа мектеп кілтін табыс етті.

    Қуат Қайранбаев

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Орта білім берудегі цифрлық трансформация және тұрақты дамудың қиындықтары мен мүмкіндіктері

    Орта білім берудегі цифрлық трансформация және тұрақты дамудың қиындықтары мен мүмкіндіктері

    1 year ago
    Донор күні 55 литрге жуық қан тапсырылды

    Донор күні 55 литрге жуық қан тапсырылды

    1 year ago
    Атом энергетикасы технологиялары дамып кетті

    Атом энергетикасы технологиялары дамып кетті

    8 months ago
    Гүлденсе ауыл…

    Гүлденсе ауыл…

    7 months ago
    «Құмсағат» кітабының тұсаукесері өтті

    «Құмсағат» кітабының тұсаукесері өтті

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.