⛅
2°C
Қонаев
Дүйсенбі, Қараша 24, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Саябақта суреткермен сырласады

    27.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    Саябақта суреткермен сырласады
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

         Қонаев қаласындағы орталық саябақта ­Бердібек Соқпақбаев шығармашылығын паш ететін мүсіндер қойылды. Ұзын орындыққа жайғасқан жазушының бейнесі көрушілерге әсер етпей қоймайды. Тас мүсіннің қасына отырып, қаламгермен сырласқандай кейіпте суретке түсуге болады. Қарсы алдында бір-бірімен әңгіме жарыстырып, ойнап тұрған атақты хикаяттың кейіпкерлері – Қожа мен Сұлтанды көресіз. Бұл игі шараны биылғы мерейтойға қосылған үлкен үлес деп бағалаймыз.

    Мүсіндердің ашылу салтанатына облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Әлиев, Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов және қаламгердің қызы Самал Соқпақбаева қатысты.
    – Биылғы жыл ел үшін де, біздің әулетіміз үшін де айтулы кезең болды. Күні кеше ғана ЮНЕСКО көлемінде өткен мерейтойдың Парижде қорытындыланғанын жақсы білесіздер. Соқпақпаевтану шарасын жандандыруда Алматы облысы әкімдігінің атқарған жұмыстары өте зор. Күзде жазушының туған жерінде ескерткіші орнатылды. Бүгін қаламгерге арналған құрметтің жалғасып жатқанына куә болдыңыздар. Сондықтан облыс басшыларына жүрекжарды алғысымды айтамын, – деді Самал Бердібекқызы.
    Әлем балаларының сүйікті кітабына айналған «Менің атым Қожа» хикаяты әлі де сан ұрпақтың кәдесіне жарайды.
    «Мен жиырма бірінші ғасыр ұрпақтарының да құрдасымын», – деп Мұқағали Мақатаев айтқандай, Бердібек Соқпақбаев та жаңа ғасыр адамдарымен бірге болашаққа бет түзейді. Жазушымен сырласуды қалаған жандар бала-шағасын ертіп осы саябаққа келетіндері анық!

    Өз тілшіміз
    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Жолдың жайын жүрген білер

    Жолдың жайын жүрген білер

    2 years ago
    Нұрлан Ертасұлы

    Жамбыл ауданында газдандыру деңгейі 72 пайызға жетпек

    10 months ago
    Энергетика – халық игілігі

    Энергетика – халық игілігі

    1 year ago
    Алматы облысында балабақшаларға ваучерлік жүйе енгізілді

    Алматы облысында балабақшаларға ваучерлік жүйе енгізілді

    4 months ago
    Әлеуметтік саланы қолдауға басымдық берілген жыл

    Әлеуметтік саланы қолдауға басымдық берілген жыл

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>