⛅
9°C
Қонаев
Сәрсенбі, Қазан 29, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тәуелсіздік күніне орай дзюдодан турнир өтті

    03.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Тәуелсіздік күніне орай дзюдодан турнир өтті
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Еңбекшіқазақ ауданында ашық облыстық дзюдо турнирі өтті. Турнир жыл сайын кіл мықты балуанның басын қосады. Жас та болса болашағынан жарқын жетістіктер күттіретін жасөспірімдерді жинайды. Ал, жас балуандар үшін дзюдо – тек спорт түрі ғана емес. Мақсатына жету жолында төккен тер мен еткен еңбектің еленуі маңызды. Сондықтан әр күрескер табандылық таныта отырып, қарым-қабілетін көрсетуге тырысады. Биыл дүбірлі додаға Алматы облысы мен Алматы қаласынан 200-ден аса спортшы қатысты. 2012–2013, 2014–2016 жылдары туған жасөспірімдер арасында 20 медаль сарапқа салынды. Олар 20 келіден 50 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде күресті.

    «Турнир Қазақстан Тәуелсіздігі күніне арналған. Бұл ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған армандарының орындалған күні. Ал, айтулы күні сайыс өткізу жастардың бойындағы патриоттық сезімдердің, отанға деген сүйіспеншіліктің артуына сеп болады. Осы арқылы еліміздің салт-дәстүрлерін ұлықтаймыз. Қатысушылардың физикалық күштері мен мүмкіндіктерін тексеру үшін нағыз тайталасқа толы алаң болды», – дейді Еңбекшіқазақ ауданының прокуроры Бауыржан Қыбраев.

    Сайыстың басты мақсаты – спортшылардың дағдысы мен күрес тәжірибесін дамыту, алдағы уақыттағы чемпионаттарға үздіктерді іріктеу.

    «Кішігірім жарыстар үлкен сайыстарға бастайды. Бұл турнир қатысушылардың шеберлігін арттыруға ықпал етеді. Өйткені, қарсылас балуанның өзгеше күрес тәсілін игереді. Өз қателіктерінен сабақ алады. Жаттықтырушылар шәкірттерінің дайындық деңгейіне баға бере алады. Жас балуандардың беталысы жақсы», – деп атап өтті бас төреші Нұрғали Жолтаев.

    Облыстық турнир халықаралық дзюдо федерациясының ережелеріне сәйкес ұйымдастырылды. Екі күндік белдесу нәтижесінде өз жастары мен салмақ категорияларында мықты спортшылар анықталды. Ең көп алтын медаль жеңіп алған балуандар Еңбекшіқазақ ауданынан шықты. Олардың қоржынында барлығы 8 алтын медаль бар. Чемпиондар: Тұрсынбай Ғ., Бағдат Н., Илясов И., Жексенбек Е., Ділшатов К., Жетпісбай Н., Пальмурза Б., Нұриев А.

    Алматы қаласының спорт мектептерінен шыққан спортшылар 6 алтын медальға ие болды. Ал, Талғар ауданының дзюдошылары медальдар саны бойынша үшінші орынға жайғасты.

    Ұсынымдар

    «Амиранның» айраны балаларға пайдалы

    «Амиранның» айраны балаларға пайдалы

    1 year ago
    Әскери қызмет – абыройлы міндет

    Әскери қызмет – абыройлы міндет

    2 years ago
    Алматы облысында жыл басынан бері 711 баланы бұралқы ит қапты

    Алматы облысында жыл басынан бері 711 баланы бұралқы ит қапты

    2 years ago
    Жастарға жаңа мүмкіндік

    Жастарға жаңа мүмкіндік

    2 weeks ago
    Адам саудасы алаңдатады

    Адам саудасы алаңдатады

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>