-13 °c
Qonaev
Friday, May 23, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Тәуелсіздікке тарту

    Райымбек ауданында жастарға қызмет көрсету орталығы ашылды

    18.12.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Мәдениет, Өңір тынысы
    Тәуелсіздікке тарту

    Фото: https://www.instagram.com/raiymbek_audany_akimdigi/reel/DDhMuLlIBEV/

    0
    SHARES
    1
    VIEWS

          Нарынқол ауылының тұрғындары Тәуелсіздік мейрамы қарсаңында жан жадыратар жақсылыққа куә болды. Атап айтқанда, өткен жылдың күзінде  басталған «Жастарға қызмет көрсету орталығының» құрылысы белгіленген мерзімде аяқталып, пайдалануға берілді. Сөйтіп, аудан орталығынан бой көтерген құрылыс нысандарының  қатарына ауылдың көркін арттыратын, жастардың көңілін көтеріп, сенімін сергітетін сәулетті де сәнді тағы бір ғимарат қосылды.

    Қазіргі таңда ауданда 9 мыңға жуық жас бар. Жастардың патриоттық рухын оятып, туған елі мен жеріне адал қызмет етуге тәрбиелеу – Тәуелсіз Қазақстанның алдында тұрған маңызы зор мәселенің бірі. Өйткені жастар –қоғамның қозғаушы күші, үкілі үміті. Мемлекетімізде ұлт болашағы – жастар мәселесіне айрықша көңіл бөлінуі де сондықтан. Жасалып жатқан қолдаулар мен көмектер де осының айқын дәлелі. Осы бағытта ауданда  мәдени шаралар, спорт және өнер үйірмелері тұрақты жұмыс жасап келеді. Осынау игі істер жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалардың тиісті дәрежеде жүзеге асуына  мүмкіндік тудырып  келе жатқаны анық.

    Бұл күні «Жастарға қызмет көрсету орталығының» ашылу салтанатына аудан, ауыл басшылары, мекеме, ұйым жұмысшы-қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, алыс-жақыннан келген меймандар қатысып, ауыл тұрғындары мен жастардың қуанышына ортақтасты.

    Салтанатты жиында алғаш сөз алған аудан әкімі Берік Дүйсенбаев көпшілікті Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Жастарға арналып жаңадан ашылған орталыққа құтты болсын айтты.

    – Құрметті қауым! Жалынды жастар! Бүгін ашылып отырған «Жастарға қызмет көрсету орталығы жастардың жаңа идеялары мен жобаларына уақыт  талабына сай жаңаша бағыт-бағжар береді. Күш-жігерлерін біріктіріп, түрлі мәселелері бойынша көмек көрсететін қастерлі шаңырақ болып табылады. Осы жерде олар бір уақыт демалып, заман ағымы қажет ететін ақпараттық білімдерін жетілдіреді. Ашық пікірлер алмасып, ортақ ой тоғыстырады.  Өзекті мәселелерді шешудің жолдарын іздестіреді. Ой, дене спортымен шұғылданып, бойларына салауатты өмір салтын қалыптастыруға мүмкіндік алады. Ұлттық әдебиетпен сусындап, рухани азықпен қоректенеді. Олай болса, жастар болашағының жарқын болуына арналып бой көтерген заманауи ғимараттың шаңырағы биік, босағасы берік, ғұмыры ұзақ болсын, – деген аудан әкімі орталықта жұмыс істейтін және барша аудан жастарының жұмыстарына жетістік, жастық жігер мен күш-қуат, еңбектеріне табыс пен сәттілік тіледі. Аудан жастарының мәселесін тұрақты назарда ұстап, ұдайы қолдап келе жатқан, жаңа ғимараттың бой көтеруіне де ықпал еткен облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевке, құрылысты бастан-аяқ жүргізіп, белгіленген мерзімде пайдалануға беріп отырған құрылысшыларға аудан тұрғындары мен жастарының атынан алғыс айтты.

    Жоба құны 236 млн.100 мың теңгеге тоқтаған нысанның құрылысын «ФСК Астана құрылыс» компаниясы жүргізген. Ұзындығы 23, ені 15 метр, жалпы аумағы 311 шаршы метрді құрайтын нысан бүгінгі күн талабына толық сай келеді. Ғимарат ішіндегі әр бөлменің өзіндік ерекшелігі бар. Жиын залы, психологиялық орталық, құқықтық қызмет, әкімші мен  мамандар бөлмесі, шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ сияқты ой спортына арналған бөлмелер, компьютер орталығы, киім ауыстыратын, жуынып-шайынатын орындар, спорттық жаттығу бөлмесі, сыртындағы спорт алаңдары көңілден шығатыны анық.

    Салтанат барысында жастар атынан Данияр Ғабиден ыстық ықыласын білдірсе, ауыл ақсақалы Медетқан Абиыров ақ батасын берді. Құрылысқа басшылық жасаған Нұрлан Қасымбаев жаңа нысанның кілтін аудандық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Ақерке Абдурахманға салтанатты түрде табыс етті. Ғимараттың лентасы қиылып, шашу шашылды. Жаңа ашылған «Жастарға қызмет көрсету орталығы» Тәуелсіздікке тарту ретінде жиналған қауымның жүрегін қуанышқа бөлеп, көңілін көркейтті.

    Жұмабек  ТҰРДИЕВ,

    Райымбек ауданы

       

    Ұсынымдар

    АЭС ҚҰРЫЛЫСЫН ТАЛҚЫЛАУ №42 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ҰЖЫМЫМЕН ӨТТІ

    АЭС ҚҰРЫЛЫСЫН ТАЛҚЫЛАУ №42 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ҰЖЫМЫМЕН ӨТТІ

    8 months ago
    Жетістікке жетелейтін жаңа жоба

    Жетістікке жетелейтін жаңа жоба

    3 months ago
    ПОВЫСИТЬ СТАВКУ НДС РЕКОМЕНДУЮТ КАЗАХСТАНУ АНАЛИТИКИ ВСЕМИРНОГО БАНКА

    ПОВЫСИТЬ СТАВКУ НДС РЕКОМЕНДУЮТ КАЗАХСТАНУ АНАЛИТИКИ ВСЕМИРНОГО БАНКА

    4 months ago
    ТЖД: Облыстағы су қоймалары қалыпты жұмыс істеп тұр

    ТЖД: Облыстағы су қоймалары қалыпты жұмыс істеп тұр

    1 year ago
    Шахтадағы апат құрбандарының саны 45-ке жетті

    Шахтадағы апат құрбандарының саны 45-ке жетті

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.